Оқиға

«Миы шайқалып, денесі көгерген». Екі жасар бала балабақшада соққыға жығылған

Павлодарда жекеменшік балабақшаға барған екі жасар баланың беті көгеріп, миы шайқалған. Ата-анасының сөінше, мекеме қызметкерлері баланы ұрып-соққан болуы мүмкін. Енді олар кінәлілерді жазалауды сұрап отыр. Ал балабақша басшылығы өздерінде ешқандай кінә жоқ екенін алға тартқан.

“Информбюро” бағдарламасының хабарлауынша, Павлодар тұрғыны Аружан Қасенова бірнеше күн бұрын екі жасар қызы Севараны жекеменшік балабақшаға берген. Бірақ балабақшадан қызының беті ісіп, денесі бірнеше жерден көгеріп қайтты дейді. Онымен қоса бүлдіршіннің аяғында да көгерген іздер болған. Тәрбиешілер болса баланың денесіндегі жарақаттарды ұйықтаған кезде дұрыс жатпай қалуымен түсіндірген. 

Балабақшадағы тәрбиеші телефон арқылы қызым нашар ұйықтап, жылағаннан беті қызарып кеткенін айтты. Баланы ешкім ұрмағанын және барлығы жақсы екеніне сендірді. Қызымды алып кетуге барсам, беті ісіп кеткен. Әр жерінде үлкен гематомалар болды. Бірден жедел жәрдем шақыртып, МРТ жасаттық. Дәрігерлер бас-миының шайқалуы деген диагноз қойды,   

деді Аружан Қасенова.

Бұдан кейін ғана балабақша қызметкерлері қыздың құлағанын мойындап, кешірім сұрапты. Бірақ мұнымен келіспеген ана мекеме қызметкерлері баланы ұрып-соқты деп отыр. 

Балабақша басшылығы бұған дейін айтқандарын толығымен жоққа шығарды. Олар қызым төсекке соғылып, құлаған дейді. Бірақ мен сенбеймін. Осыншама гематомалар қайдан болады? Менің қызымды ұрып-соққан. Басынан бөлек, омыртқа және жанбасының жаны көгерген,  

деп қосты Аружан Қасенова.

Оның үстіне балабақшада бейнебақылау камералары да жұмыс істемейді екен. Мекеме басшысы өздерінің еш жазығы жоқ екенін айтып, сұхбат беруден бас тартқан. Ал жәбірленушінің арызы бойынша қазір полиция «Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау» бабымен қылмыстық іс қозғаған. 

Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 141-бабы бойынша мән-жайлар анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады,

деді Павлодар облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Жанар Белялова.

Ал білім басқармасының өкілдері бұған дейін балабақшаға қатысты бір де бір шағым болмағанын айтады. 

Білім беру ұйымының басшысына өз міндеттерін атқармағаны үшін айыппұл салуға әкеп соғады. Осыған сәйкес департаментпен тиісінше шаралар жүргізіледі. Осы кезеңге дейін осы балабақша бойынша шағымдар түскен жоқ,

деп мәлімдеді Павлодар облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ләззат Жақиянова.

Екі жасар Севараның анасы енді қызын бұл балабақшаға жібермейтінін айтты. Ал кінәлілер тиісті жазасын алмаса прокуратураға арыз жазуға дайын екен.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago