Моңғолияның бұрынғы президенті елден қашып кетті

Моңғолияның бұрынғы президенті Халтмагийн Баттулға көмір ұрлығына қатысы бар деген күдікке ілінген соң, шетелге кетті.

halyq-uni.kz

Бұл ақпаратты елдің Экономика және даму министрі Чимэд Хурельбаатар өзінің Twitter парақшасында растады.

Моңғолияның кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша, экс-президент елден 280 млн АҚШ долларын алып кеткен. Ал кейбірі оның денсаулығына байланысты Оңтүстік Кореяға емделуге кеткенін хабарлап жатыр.

Бұған дейін Моңғолияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитеті елдің бұрынғы президентін көмір ұрлығына қатысы бар деп мәлімдеген болатын.

Моңғолияда 6,8 млн тонна көмірдің ұрланғаны туралы ақпараттан кейін халық жаппай наразылыққа шыққан еді. Расталмаған ақпаратқа сәйкес, көмірдің жалпы құны – біздің валютаға шаққанда 1,8 млрд теңге болады екен.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago