Экономика

Мобильді аударымға салық төлейміз бе?

Көпшіліктің көкейіндегі осы сауалға Вице-министр – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жауап берді.

Бұған қатысты заң былтыр қабылданды. Кәсіпкерлік қызметтің сипаты бар мобильді аударымдарға салық салынуға тиіс. Туысқандар мен әріптестер арасындағы ақша аударымының кәсіпкерлікке қатысы жоқ. Сондықтан мұндай аударымдарға салық салынбайды.

Қаржы министрі мақсат жиі жасалатын аударымдарды фискалдандыру екенін атап өтті.

Біз арнайы карта, есепшот ашу қажет екенін айтып жүрміз. Ашқаннан кейін қанша аударым жасайтыныңызды өзіңіз білесіз. Кәсіпкерліктің бір түрі бойынша тіркеліп, салық төлесеңіз болды. Көлеңкелі экономикадағы бизнесті осылай ашық етуге тартып жатырмыз,

деді Ерұлан Жамаубаев.

БАҚ өкілдері кейде ата-аналар оқушылардың қажеттілігіне ақша жинағанда барлығы бір адамға аударым жасайтынын айтып, Қаржы министрінен: «Мұның теріс салдары болмай ма?» – деп сұрады.

Мұндай жағдайға салық органының өкілдері араласпайды. Біз бұл бір реттік алым екенін білеміз. Мұндай алымдар тәуекел туғызбайды. Тәуекел бизнесі бар адамдарда: дүкен иесінде, таксисте, базарда сауда жасайтын адамда, яғни тікелей бизнеспен айналысатындарда болуы мүмкін.

Бұған дейін Қаржы министрі 100-ден астам аударым жасайтын адамдар бақылауға алынатынын айтқан еді.

Менің білуімше, мұндай адамдардың тізімі әлі түзіліп жатыр. Біз екінші деңгейлі банктермен ақпарат алмасуды жолға қоюдамыз. Әзірге ешқандай нәтиже жоқ. Мониторинг жасайық, қоғамды дүрліктірмейік, өйткені бұл 2025 жылға дейін жоспарланған жұмыс. Ешқандай тексеру болмайды, адамдарға, бизнеске ешқандай қысым жасалмайды,

деген еді Ерұлан Жамаубаев.

Сондай-ақ 2025 жылға дейін мобильді аударымдар үшін кәсіпкерлерге айыппұл салынбайтыны да айтылған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago