Categories: Экономика

Мобильді аударымдарға қатысты шектеу: кімдер бақылауға алынатыны белгілі болды

Келесі жылдан бастап банктер жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бойынша деректерді салық органдарына береді.

Комитеттің ақпаратынша, қазір кейбір кәсіпкерлер банктерде ашылған жеке шотына сатылған тауар, көрсетілген қызмет үшін мобильді аударымдар арқылы ақы алады. Яғни бақылау-касса машиналары (БКМ) мен POS-терминалдарды қолданбайды, тиісінше клиентке чек бермейді.

Салық органдары бұл ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген заңбұзушылық екенін еске салды. Ал егер заңбұзушылық қайталанса, салық төлеушінің субъектілігіне байланысты 15-тен (51 750 теңге) 50 АЕК-ке (172 500 теңге) дейін айыппұл салынады.

Қазақстан Конституциясына сәйкес салық төлеу – әркімнің міндеті. Салық органдары заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығару мақсатында тиісті бақылау жүргізеді. 2024 жылдан бастап банк ұйымдары жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бойынша деректерді береді. Күнтізбелік үш ай қатарынан ай сайын 100 түрлі тұлғадан мобильді аударымдар алған азаматтар бақылауға алынады,

деп мәлімдеді мемлекеттік кірістер комитеті.

Ведомство атап өткендей, бұл өзгерістер адал салық төлеушілерге әсер етпейді және тек заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталған. Мәселен, қарапайым азаматтарға өз туыстарына, достарына немесе таныстарына телефон нөмірі арқылы ақша аударуға ешқандай тыйым салынбайды. 

Бақылау-касса машиналарын қолдануды жеңілдету үшін 2022 жылдан бастап БКМ функцияларын екінші деңгейлі банктердің POS-терминалдарымен біріктіру бойынша пилоттық жоба жүргізілуде. Бұл БКМ мен POS-терминалдың бір чегін беруге мүмкіндік береді. Пилоттық жобаға Каспий банк, Халық банк және Банкцентркредит қатысып жатыр.

Сонымен қатар, БКМ чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Азаматтық бақылау – чекті талап ет» акциясы өткізілуде. Анықталған заңбұзушылықтар туралы «Wipon cashback» тегін мобильді қосымшасы арқылы хабарлауға болады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

4 дня ago