Экономика

Моноқалаларды дамытуға 1,7 трлн теңге бөлінеді

ҚР Үкіметінің қаулысымен Жаңатас, Қаратау және Риддер қалаларын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарлары бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, 10 моноқаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша нақты мақсаттар белгіленген.

Бұған дейін Министрлер кабинеті Алтай, Арқалық, Балқаш, Жітіқара, Лисаковск, Серебрянск және Степногорск қалалары бойынша кешенді жоспарлар қабылдаған еді.

10 кешенді жоспар аясында 608 тармақтан тұратын іс-шараларды іске асыру көзделген: денсаулық сақтау, білім беру, спорт, инженерлік инфрақұрылым, шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіптік кешен нысандарын салу және жөндеу, заманауи жабдықтарды сатып алу қарастырылған.

Мысалы, Жаңатас қаласында республикалық және жергілікті бюджет, сондай-ақ басқа да көздер есебінен 75 іс-шараны іске асыруға 3 млрд теңгеден астам қаражат жоспарланған.

Қаратауда шамамен 50 млрд теңге – бюджеттен тыс ақша.

Арқалық қаласында Маятас кластерінің кен орындарына геологиялық зерттеу жүргізілгеннен кейін тау-кен байыту комбинатын салу жоспарланып отыр. Құны 315 млрд теңге болатын жоба 1,2 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Балқаш қаласында Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде өнеркәсіп өндірісінің нақты көлемінің индексі 8,5%-ға, өңдеуші өнеркәсібінің үлесі 90%-дан кем емес өсіп, негізгі капиталға салынған инвестиция 57 млрд теңге болады деп күтілуде.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы моноқалаларға қатысты мемлекеттік саясатты қайта қарау, олардың одан әрі дамуына және ең бастысы, онда тұратын азаматтарға қолдау көрсетуді тапсырды.

Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі моноқалаларды дамытуда кешенді тәсілді қолдану мақсатында, сондай-ақ жаңа шараларды жүйелеу және іске асыру үшін тиісті Жол картасын әзірлеп жатыр.

Жол картасында Моноқалаларды мемлекеттік қолдау шараларының бірыңғай тізбесін, Әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарларын әзірлеу, индустриялық аймақтар мен озық даму аумақтарын құру және т.б. мәселелер көзделген.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago