Categories: Қоғам

Мопед жүргізушілері тым шектен шықты

Алматылықтар жол ережесін бұзған мопед жүргізушілерінің үстінен әкімге шағымданды. Айтуларынша, олар жаяу жүргіншілер жолымен қатты жылдамдықпен қозғалады, бұл өте қауіпті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Неге мопедтердің жаяу жүргіншілер жолымен жүруіне тыйым сала алмайсыз?

Арбатта жүруге болмайды, бірақ мұнда олар бар жылдамдықпен жүреді. Біздің баратын жеріміз жоқ. Біз олардан жолға шығуын сұраймыз, алайда олар мән бермейді. Полицейлер ештеңе істемейді.

Бұл сауалға жауап берген Алматы әкімі Ерболат Досаев мопед жүргізушілерін реттеу үшін заңнамалық нормалардың қабылдануының аяқталуын күту керек деп жауап берді.

Электрсамокаттардың қозғалысы заң жүзінде реттелді. Келесі кезекте мопедшілер тұр. Бізде мопедтерге, электрсамокаттарға және жалпы қозғалтқышы 50 текше метрге дейінгі көліктерге қатысты келесі өзгертулер пакеті бар. Олар заң жүзінде көлік құралы ретінде танылған кезде оларға айыппұл салуға болады.

Ал Арбат бойында жүруге толық тыйым салынды. Мерзімді түрде Алмалы ауданында болғанымда түнде көлік жүргізеді деген өтініштер түседі, соған орай шара қолданамыз. Бұл мәселе барлығын мазалайды. Мопедпен негізінен азық-түлік таситын жұмысшылар жүретінін білесіздер. Олар жеткізуді, тапсырысты орындауға үлгеру үшін кез келген тәртіпті бұзуға дайын,

деді әкім.

Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Арыстанғани Заппаров мопед жүргізушілерімен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Біз жеткізу қызметімен бірлесе отырып, мопед жүргізушілеріне шара қолдануға мүмкіндік беретін арнайы бағдарлама әзірледік. Егер біздің қызметкерлер азық-түлікті жеткізу бөлігінде заңбұзушылықтарды анықтаса, атап айтқанда, 3-тен 5-ке дейін заңбұзушылықтар болса, бағдарлама бұғатталады, бұл оларға ықпал етудің бір түрі,

деді Полиция департаментінің басшысы.

Ерболат Досаевтың сөзінше, мәселені шешудің оңтайлы жолы – заңды шектеулер енгізу. Күзге дейін бұл мәселе шешіледі.

Бұған дейін Арбат маңында жиналып, тұрғындардың тыныштығын бұзған мопед жүргізушілері әкімшілік жауапқа тартылған еді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago