Categories: Қоғам

Мораторий алынған соң әйелдердің зейнет жасы қайта қаралады – Тамара Дүйсенова

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанда әйелдерді 58 жастан зейнетке шығаруға мүмкіндік беретін заңдағы норманы қайтаруға байланысты түсінік берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысында депутат Жанболат Жөргенбаев «Президент Жолдауда зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар пакетін ұсынды. Оның бірі – 2028 жылға дейін әйелдердің зейнет жасын 61 жасқа дейін арттыруды тоқтата тұру. Ол Әлеуметтік кодексте көрініс тапты… Осыған байланысты бірнеше сұрағым бар:

Біріншіден, 2029 жылдан бастап зейнет жасын ұлғайту жоспарланып отыр ма? Егер осылай болса, қандай жағдайда ерте зейнетке шығуға болады?

Екіншіден, 58 жастағы әйелдердің зейнетке шығу туралы норманы қайтару қарастырыла ма?», — деп министрге бірнеше сұрақ қойды.

Тамара Дүйсенованың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Әлеуметтік кодекске биыл қаңтардан бастап зейнет жасы 61 жас деп бекітілген.

«Енді алдағы 5 жыл ішінде жалпы азаматтардың зейнетке шығу жасы өмір сүру ұзақтығы мен зейнетақының деңгейіне байланысты болады. Сондықтан алдағы 5 жылда денсаулық сақтау саласында үлкен ұлттық жоба жүргізілгелі жатыр. Оның негізгі мақсаты – ауылдарда медицинаны жақсарту, көпсалалы ауруханаларды көбейту яғни мамандандырылған медициналық көмекті азаматтарға жеткізу, телемедицина, ерте скрининг сияқты мәселелерді қарастыру. Осы жұмыстардың нәтижесінде ер адамдар мен әйелдердің өмір сүру жасы ұзарса, онда 2029 жылдан кейін (зейнет жасын ұлғайту мәселесі – авт.) қайта қаралады.

Егер жағдай дәл осылай қалып, керісінше (өмір сүру жасы) төмендесе, әрине, мәселе қаралады, — деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ министр әйелдерді 58 жастан зейнетке шығару мәселесіне тоқталды.

2018 жылдан бастап (заңға өзгерістер енгізілген – авт.). Бүгінде ол әйелдер 58 жастан асып кетті. Қазір олардың саны 500 мыңнан асты. Егер біз норманы қайтарсақ, онда сол азаматтардың бәрінің зейнетақысын қайта есептеуіміз керек. Қайта есептеу зейнетақы мөлшерінің көбеюіне емес, керісінше, азаюына алып келеді. Осындай тәуекел болмас үшін зейнет жасын 61 жас дұрыс деп тоқталдық,

деді ол.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago