Фото: ашық дереккөзден
Бірақ үйлену керек деп үйленгім келмейді.
Көпшілікке Amre лақап атымен танымал әнші Ернар Садырбаев «Мархабат» бағдарламасында «Қашан үйленесің?» деген сұрақтың жиі қойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Маған «Жасың 28-ге келді. Әлі күнге дейін жүресің бе?» деп көп айтады.
Үйдегі әр тақырып: киім іздесең — үйлен, қарның ашса — үйлен, шұлықтарыңды таба алмасаң — үйлен, достарыңмен кездессең, шаршадым десең — үйлен. Бәрі осыған келіп тіреледі. Ауырсам, дәрігерлердің өзі «сізге үйлену керек» деп айтады.
Ернар Садырбаев бүгін ғана өзінің Астанадағы үйінің құрылысын аяқтаған.
Әке-шешеммен кешке шай ішіп, әңгімелесіп отырғанда «концертімді өткіздім. Енді көлігімді өзгертсем, тағы да ананы алсам, мынаны бүйтсем» десем, әкем «айналайын, бізге ештеңе керек емес, үйге бір қыз алып келші» деп айтады. Мақсаттар негізінде бітпейді. Үйдің құрылысын бүгін ғана бітірдім. Осы жобамен 2 жыл жүрдім.
Жұмыс, үй бар, енді үйлену ғана қалды. Бірақ үйлену керек деп үйленгім келмейді,
деді Amre.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…