Categories: Экономика

Мухоряпов демалсын. Нағыз акулалар енді келді

Тимур Турлов иелік ететін Freedom Holding Corp. «Chocotravel» (ішіне Aviata да кіреді) сервисін сатып алды. Ол үшін Турлов 32,3 миллион доллар төледі. Мәміле жыл соңына дейін жабылуы тиіс, деп жазады Dala Inside дереккөзі.

Біз өз клиенттеріміз үшін цифрлық сервистердің толық құнды экожүйесін құрудамыз, сондықтан Aviata мен Chocotravel-дің сервистерін сатып алу — бұл топтың дамуына қисынды үлес,

деді Тимур Турлов.

Choco холдингі енді тек жеткізіп берумен айналыспақ. Бұл нарықта оларға Glovo, Wolt пен Яндекс сынды азулы бәсекелестер бар. Ал Рамиль Мухоряпов Турлов ұсынған ақшаға қарыздарын жаппақ. Сонымен қатар, ол бизнесті басқаруды Николай Мазенцевке толық тапсырып, шетелде біраз демалуы мүмкін. Себебі, соңғы уақыттары Қазақстанда тұру Мухоряпов үшін психологиялық жағынан қиын болған еді.

Екі қошқардың басы бір қазанға сия ма? Бұған дейін нарықтағы қаржы сервистерінің екі IT-алпауыты Турлов (Freedom) пен Ломтадзе (Kaspi) бір-бірін орағытып, тіке бәсекелестіктен қашып жүрген еді. Турлов Каспидің огородына кірмей, цифрлі сақтандыру мен ипотеканы айналдырып жүрсе, Ломтадзе тек жеке және заңды тұлғалар кредитін, Kaspi.kz қосымшасындағы төлемдер, аударымдар, билет сату бағытын дамытып келген.

Сонымен Турлов Ломтадзенің тікелей бәсекелесі Chocotravel-ді сатып алды. Демек, жекпе-жек енді басталады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

5 часов ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

5 часов ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

5 часов ago

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

1 день ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

2 дня ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

5 дней ago