24 ақпанда Darkhan Juzz есімімен танымал қазақстандық орындаушы және композитор Дархан Жүнісбековтің қайтыс болғаны туралы қайғылы жаңалықты БАҚ жарыса жазды. Дархан небәрі 32 жаста болатын. Қысқа өмірінде ол қазақстандық тыңдармандар сүйіп тыңдаған ондаған сингл шығарып үлгерді. Дархан Жүнісбеков жастар арасында танымал болатын, жанкүйерлері 25 ақпанда Алматының Арбатында жиналып, Дарханның әндерін орындап, онымен қоштасты. Біз Дарханның өнер жолына шолу жасап шықтық.
Дархан Жүнісбеков Алматыда дүниеге келген. Сұхбатында ол бірнеше рет музыкалық та, басқа да жоғары білімі жоқ екенін мойындайтын, бірақ жасөспірім шағында күніне жеті сағат гитарада ойнайтын. Сол кезден бастап ән жаза бастаған.
Мен Ақсай шағын ауданында өстім, 10-сыныпты бітіргеннен кейін колледжге дизайнер мамандығына түстім, бірақ оны бір жарым жылдан кейін тастап кеттім. Менің музыкалық немесе басқа мамандығым жоқ. Мен тіпті ноталарды да білмеймін, бірақ музыканы білемін және жақсы көремін,
дейді Дархан Тһе-village-kz-ге берген сұхбатында.
Darkhan Juzz өз шығармашылығында әртүрлі стильдерді шебер араластырды, гитарамен рэп те орындайтын.
14 жасымда мен өз әндерімді жаза бастадым. Бірінші сыныптан бастап мен әпкеммен рэп тыңдай бастадым, содан бері гитара да, рэп те араласып кетті. Мен қарым-қатынас туралы, махаббат туралы, айналамда не болып жатқаны туралы, бәрін жаза беремін,
деген екен музыкант Buro Kazakhstan-ға.
Дарханның өнер жолына келуі «тар жол, тайғақ кешуден» тұрды. Оның әндерін көбі түсінбейтін және қабылдамайтын, бірде официант болып жұмыс істеп жүріп, «Музарт» тобының алдында өнер көрсетіп, шығармашылығымен таныстырмақ болған екен. Алайда корифейлер де жас музыканттың шығармашылығына аса қызығушылық білдірмепті.
Олар мені мақтады, бірақ бұл музыка олар үшін таңсық, түсініксіз екені көрініп тұрды,
дейді музыкант.
Дархан Da Gudda Jazz тобымен мейрамханаларда өнер көрсетіп, нәпақасын тауып жүрген. Бір кездері тіпті Арбатта өнер көрсетіп, тыңдармандардың берген ақшасын қанағат тұтқан кездері де болды.
Ол Дархан Жуз деген лақапатпен өнер көрсететін, бұл лақапатты музыкант сауда саласында жұмыс істеп жүрген кезінде иеленген.
18-19 жасымда сауда жасадым, Алматыдағы дистрибьюторлық фирмада жұмыс істедім. Жұмыс бабымен Қарағандыға көштім, сол жерде мені бәрі Дархан Жуз деп атап кетті. Дистрибьюторлық компанияда «Жуз» сөзі сәлемдесу болатын. Сол сияқты, бір жағынан қазақ тілінен «Жүз» бет деп ретінде аударылады. Дархан Juzz үнді есімі сияқты көп қырлы тұлға дегенді білдіреді,
деп еске алды әнші.
2016 жылы Дархан Алматыға оралып, өзінің алғашқы «Ең сұлу» және «Қалдырма мені» тректерін таныстырады. 2017 жылы оның тректерін «Махаббаттың 8 кезеңі» қысқаметражды фильмі пайдаланнан кейін музыканттың шығармашылығы өрлей бастайды. Оның «Күн мен Айым» бейнебаяны алғаш рет Gakku телеарнасына шығады.
Дархан Жүнісбеков танымал «Ирина Кайратовна» тобымен ынтымақтастықтың арқасында кең танымал бола бастады, ынтымақтастықта «Неге Нигга?» әні шықты, ал бұған дейін «ИК» оның «Бәрі музыкант» трегін қолданған.
2019 жылы Дархан бұрын шыққан TBRN синглдерінің дебюттік жинағын ұсынды. Әртістің музыкасы тыңдаушылардың жүрегінен орын табады, содан кейін ол қазақ тілді үздік орындаушылар тізіміне берік орнығады.
2020 жылы Дархан екі сингл шығарды, Кисло-сладкий & Bonah дуэтінің альбомындағы «Кадилакта» трегінде көрінді. Ол сондай-ақ Абайдың мерейтойына арналған ozen роликтер сериясына қатысты.
Дархан Жүнісбеков Виктор Цойдың, Элвис Преслидің, «Гориллас» тобының, Боб Марлидің және рэпер Асабтың шығармашылығының жанкүйері болды. Музыкант сонымен қатар отандық музыканың әлемдік жетістікке жету мүмкіндігі бар деп сенді. Ол қазақ тілінің болашағына сенетін, және музыка арқылы әлемді қазақ тіліне ғашық қыламыз дейтін.
Біз адамдарды өз тілімізде сөйлеуге мәжбүрлей алмаймыз, бірақ музыка қазақ тілін тыңдауға, қабылдауға және ләззат алуға мүмкіндік береді. Музыка арқылы мен біз туралы және біздің таңғажайып мәдениетіміз туралы айтқым келеді. Басқаларды көшіруге тырыспау, өз жанрыңды жасау,
деп сенген Дархан Жүнісбеков.
24 ақпанда Пхукет аралында Қазақстан азаматы Дархан Жүнісбеков қайтыс болды. Белгілі болғандай, Дархан мопедпен жол апатына түскен.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…