Нұр-Сұлтанда Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт ашылды

Елордадағы жаңа мешіттің ашылуына тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі келді.

Бүгін Орта Азия мен Қазақстандағы ең үлкен мешіт ашылып, жұма намаз оқылады. Мешіттің іргетасын 2019 жылы 18 наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қалаған. Кіре берісте мешіттің Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен салынғаны осылай тасқа қашалып жазылған.

Барлығыңызды мешіттің ашылуымен құттықтаймын. Осы жылдар аралығында елордада көптеген ғимараттар салынды, бірақ бұл мешіттің орны ерекше. Алла Тағала осы жерде оқылатын барлық дұға-тілектеріңізді қабыл етсін

Жаңа мешіттің жалпы сыйымдылығы-235 000 адам. Мешіт әлем бойынша және Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттердің біріне айналды. Үлкен мұнараның биіктігі – 130 метр, көлемі 57 мың шаршы метр.

Мешіт құрылысына мемлекеттен бір де бір тиын бөлінбеген, бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер есебінен салынған. Олардың аты-жөні мешіт қабырғасында жазылған.

Мешітте оқу сыныптары, мәжіліс залы, неке қию залы, құран оқу залы, телестудия, кеңселер, қызмет көрсету орындары, дүкендер, мұражай және техникалық бөлмелер бар.

Жер асты қабатында банкет залы, автотұрақ, техникалық және салттық қызметтер орны, құрбандық шалу және басқа да бөлмелер орналасқан.

Мен Мемлекет басшысы ретінде өкілеттігімді тоқтатудан бір күн бұрын, 2019 жылғы наурызда осы мешіттің алғашқы кірпішін қаладым. Сол сәтте менің қасымда қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев болды. Аллаға жүгініп, ризашалығымызды білдіріп, болашақта халқымыздың тәуелсіздігі мен еліміздің еркіндігі ұзағынан болсын деп тіледік. Асыл дінімізге осынша қолдау көрсетуді әу бастан мұсылмандық міндетім, халқымның алдындағы перзенттік парызым деп білдім,

деді Нұрсұлтан Назарбаев

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago