Нұр-Сұлтанда Конституция күні қалай тойланады?

Елордада мереке күндері мәдениет, спорт, білім беру ұйымдары қала тұрғындары мен қонақтарына түрлі іс-шара дайындайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

27 тамыз күні Ұлттық академиялық кітапхананың конференц-залында «Конституция. Жаңа Қазақстан. Қарқынды кадамдар» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Оған саяси және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысады. Атап айтқанда, олар ҚР Конституциясына түзетулер енгізуге байланысты жаңа саяси реформаларды талқылайды.

Сол күні сағат 16:00-де Президент саябағында танымал жастар шығармашылық топтарының қатысуымен open-air концерті өтеді. Сахнада жергілікті және алматылық музыкалық ұжымдар өнер көрсетеді.

28 тамызда Құрманғазы ескерткішінің жанындағы алаңда «Күй жәрмеңкесі» өтеді. Сол күні сағат 20:00-де Есіл жағалауындағы Амфитеатр сахнасында «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің концерті ұйымдастырылады.

29 тамызда сағат 17:00-де елордалық филармония қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Ата Заңым — айбарым» мерекелік концертіне шақырады.

30 тамызда Конституция күніне орай қалада кәсіпқойлардың және велосипед спорты әуесқойларының қатысуымен жаппай веложарыс өтеді. Маршрут айналма веложол басынан (Қосшы қаласына қарай жол бойымен) «Астана Орманы» ЖШС веложолына дейін 20 шақырым болады.

Жарыс аяқталғаннан кейін мәреде тіркелген қатысушылар арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылады. Сонымен қатар, қала тұрғындары гір спорты, армрестлинг, арқан тарту, асық ату сияқты ұлттық спорт түрлерінен сынға түсе алады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын скандинавиялық жүріс фестиваліне шақырады. Ол 30 тамызда Орталық саябақтағы шаңғы-роллерлік трассада өтеді.

Сонымен қатар, сағат 15:00-ден 22:00-ге дейін «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда тұрғындар қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсететін «Ата Заңым-Бәйтерегім» концертіне қатыса алады.

«Есіл» өзені жағалауының жаяу жүргіншілер бөлігінде және Demalys Promenade жаяу жүргіншілер көшесінде Creative Summer жобасы бағдарламасын ашады. Күндізгі бағдарлама сағат 14.00-де басталады және балаларға арналған ойын-сауық бағдарламаларын, флешмобтарды, аниматорлардың қойылымдарын қамтиды.

31 тамыз күні сағат 13:00-де елордалық «Саржайлау» этноауылында ҚР Конституция күніне және балалар жылы аясында қалалық ҚХА Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен балаларға арналған «SOS Балалар ауылы» қайырымдылық акциясы өтеді. Іс-шара барысында балалар этноауылға саяхат жасайды, онда қазақ халқының бай тарихымен, өнерімен және дәстүрлерімен танысады, ата-бабаларымыз өркениетінің этномәдени ортасына үңіліп, ауыл тұрмысын тамашалай алады.

Нұр-Сұлтанда Конституция күніне орай тақырыптық көрмелер, балалар мен оқушылар үшін еліміздің Негізгі Заңының тарихы мен халық үшін маңызы туралы танымдық сағаттар өткізіледі. Өзге іс-шаралардың ішінде халықтың, әсіресе жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ҚР Конституциясының нормалары мен заңдарын білуге арналған зияткерлік конкурстарды, сондай-ақ тұрғын үй алаптарындағы концерттерді атап өтуге болады.

Жалпы, Конституция күнін тойлауға арналған барлық іс-шара қоғамның Тәуелсіздік құндылықтарының айналасына шоғырлануына, әрбір қазақстандықтың жаңа Қазақстан құру идеясына азаматтық қатысу сезімін нығайтуға және елорда халқының құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago