Нұр-Сұлтандағы Ядролық медицина орталығы қыркүйекте ашылады

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық oрталығы ауруханасына барып, Ядролық медицина орталығы мен емдік-диагностикалық блокты көрді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президентке әуелі қыркүйек айында ашылатын Ядролық медицина орталығы таныстырылды.

Ядролық медицина орталығының іске қосылған кезде диагнозын қою қиын қатерлі ісік ауруларын, кардиология және неврология ауруларын ерте кезеңде анықтайды. Заманауи жабдықтары бар жаңа орталықтың қызметі емделуге жолдама берілген әр азаматқа ортақ,

делінген хабарламада.

Бұл орталықтың ерекшелігі сол, мұнда қазіргі кезде әлемдік медицина индустриясында қолжетімді позитронды эмиссиялық компьютер томографиясы бар. Сканерлеу жылдамдығы жоғары бұл аппарат диагноз қою сапасын арттырады. ПЭТ/КТ зерттеуінен өтетін пациенттердің санын жылына 3 мыңнан 7 мыңға дейін арттырады. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта бұл аппараттың Орталық Азия мен ТМД елдерінде баламасы жоқ.

Президентке циклотронды-өндірістік кешен мен диагностикалық блоктан тұратын бірегей Ядролық медицина орталығының басқа да мүмкіндіктері баяндалды. Соның ішінде циклотронды кешен арқылы 9 радиофармпрепарат өндірісіне жол ашылатыны айтылды. Қазақстанда бұл препараттардың сегізі бұрын өндірілмеген.

Мемлекет басшысы жаңа емдеу-диагностикалық блокты аралап көрді. Бұл жерде күрделі ауруларға шалдыққан науқастарды емдеу мен оңалту тәсілдері арқылы 7 терапиялық бөлімше жұмыс істейді.

Президент дәрігерлермен және ғалымдармен пікірлесіп, Ядролық медицина орталығының қызметі бүкіл еліміз үшін айтулы оқиға болатынын айтып өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев орталық қызметі азаматтардың денсаулығын жақсартуға және қазақстандықтар үшін заманауи медициналық технологияларға қол жеткізуді арттыруға қызмет ететініне сенетінін жеткізді.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

20 часов ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

21 час ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

21 час ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

21 час ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

23 часа ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago