«Нұрекеңмен де, Сара апаймен де шай ішіп жүрдік». Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі алғаш рет сұхбат берді

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында алғаш рет сұхбат беріп, марқұм қоғам қайраткері жолдасы Заманбек жайлы, бірге өмір сүрген жылдардағы отбасылық өмірлері туралы айтты. Ол Заманбек Нұрқаділов тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен қандай қарым-қатынаста болғанын да мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Нұрбике Нұрқаділова Нұрсұлтан Назарбаевпен де, жұбайы Сара Назарбаевамен де жақсы араласқандарын жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаевпен де, жұбайы Сара Назарбаевамен де жақсы араласқандарын жеткізді.

Нұрекеңмен де, Сара апаймен де шай ішіп жүрдік. Жақсы араласатынбыз. Парадтан көреміз. Содан кейін Медеу жақтағы стадионда жарыстар болады. Сол жерге барады. Наурыз кездерінде шай ішкен суреттеріміз бар. Сөйтіп араласып жүрдік. Нұрекең Зәкеңді өте сыйлайтын. Біз де ол кісілерді қатты сыйладық. Ауруханаға барамыз. Сонда бір кабинетке Сара апа, мен барамын. Зухра апалар барады. Бізді дәрігерлер шақырып, «ауруы жоқ па» деп өткізіп тұратын. Сол жерде де амандасып жүретінбіз. Сәлеміміз дұрыс болды,

деді ол.

Марқұм қоғам қайраткерінің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова Сара Назарбаевамен олар Астанаға көшкенше араласқанын айтты.

«Ол кісіге баға бере алмаймын. Барлығы — бұйрық. Қыздары бар, балалары бар. «Президенттің әйеліне жарамайды» деуге болмайды ғой. Ол — маған өте күнә. Жақсы жақтарын ғана айта аламын. Басқа мінез-құлықтарын көрген жоқпын. Медеу жақта басымызға су құйдық. Шынығып жүрдік. Төбемізден мұздай су құйып жүрдік. Оны Сара Назарбаева бастаған. Ол кісілер Астанаға кеткенше араластық. … Олар біздің үйге келмеді. Наурызда кездескен кезде бір жерден шай ішіп жүрдік. Сосын ол кісі Президенттікке сайланған кезде тау жақтағы Резиденциясына бардық. Министрлер келді, депутаттар отырды. Шай іштік. Президент болмай тұрғанда онша қатынасқан жоқпыз. Президент болғаннан кейін қатынасқан. Зәкең әкім болғаннан кейін қатынастық», — деді ол. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago