Фото: mfa.gov.kz
Ұлттық статистикалық бюросының мәліметіне қарағанда, елімізде әйелдердің саны 10 миллионнан асады.
1 ақпандағы соңғы дерек бойынша елімізде 10 118 282 әйел тұрады. Оның 6,3 млн әйел қалалық жерде, 3,7 млн нәзік жан ауылда тұрып жатыр.
Әйелдердің көбісі Алматы қаласында тұрады. Мұнда 1 157 823 әйел бар. Түркістан облысында 1 040 069, Алматы облысында 753 562 нәзік жан тұрып жатыр.
Еліміздегі қыз-келіншектердің орташа жасы 33,7 жас. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың басымен салыстырғанда 2,6 жылға көбейген. Әйелдердің өмір сүру ұзақтығы карантин кезінен, яғни 2020-2021 жылдардан кейін қайтадан өсіп, 78,3 жас болған.
Еңбек нарығында 4 302,6 мың әйел жұмыспен қамтылған. Олардың басым көпшілігі білім беру саласында жұмыс істейді. Бұл салада 851 мың адам қызмет етеді. 828 мың нәзік жан көтерме немесе бөлшек саудамен айналысады.451 мың әйел ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында жұмыспен қамтылған. 401 мың әйел денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында, тағы 328 мыңы өнеркәсіп секторында жұмыс істейді. 74 мың әйел өнер, ойын-сауық және демалыс саласында қызмет етеді, – делінген Ұлттық статистикалық бюросының мәліметінде.
Сондай-ақ, 849 мың әйел — жеке кәсіпкерлік субъектілерінің басшысы. Бұл – елімізде тіркелген ЖК-нің жалпы санының 53,5 пайызы.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…