Әлеуметтік желіге шолу

Нағима Есқалиеваға Мақпал Жүнісова өкпелеп қалды

Нағима Есқалиева 70 жас мерейтойын атап өтіп, өнердегі әріптестерінің басын қосты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлап отыр.

Қазақ эстрадасында ортажастағы қыз-келіншектердің арасынан үш-ақ әйел “Халық әртісін” алдық. Бірі – Нағима, екіншісі – Мақпал, үшіншісі – мен,

деді Роза Рымбаева.

Оны естіп тұрған туған күн иесі:

Мақпал халық әртісі емес, деді. 

деді.

Өз кезегінде Мақпал Жүнісова да үнсіз қалмады.

Жеке парақшасына жазба жариялап, әріптес-әпкесіне ренішін жеткізді.   

Нағима әпше, ішіңіз күйсе тұз жалап жіберіңіз, мен өз еліме құрметтімін. Мен апамды жақсы білемін. Менен жасы үлкен ғой деп көрген жерде сәлем беремін. Маған Нағимадай әнші болу арман болған жоқ. Талай жерде “Сен “халық әртісін” менен ерте алып қойдың” деп айта береді. Ол үшін халықтың алдына көбірек шығып, қазақ әніне еңбек етсін! Менімен қалжыңдайтын менің досым емес, құрбым емес. Әуелі Зәкең өмірден озғанда да бір жылдан соң концертте көңіл айтқан. Жақсы көрсе мерейтойына шақырмай ма?!

деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары Нағима Есқалиеваның сөзіне шамданып, түрлі пікір жазып жатыр.

  • Мақпалдай болу қайда саған?!
  • “Нағиманың бір әнін жатқа білмейміз”
  • “Біз бәрібір Мақпалды жақсы көреміз”,
  • “Роза айтқан тілегіне өкініп қалған шығар”, – деп жазып жатыр тыңдарман қауым.
Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

5 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

6 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

7 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

7 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

7 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago