Намазхан студентке қысым көрсеткен университеттің деканы жазаланды

Университет басшылығы ыңғайсыз жағдайға байланысты кешірім сұрады. Әрі студент қыз оқудан шықпайтын болды.

Оқиға Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде орын алған. Оқытушы студент қызға неліктен орамал тағып, намаз оқып жүрсің деп тиіскен.

Ұстазының тәлімгерді тергеп, оған университет ішінде намазға жығылуға тыйым салған сәтінің видеосын Дәулет Мұқаев Instagram-дағы парақшасында жариялады. Блогер намазхан студентке қысым көрсеткен әйел университеттің деканы екенін жазды. Алайда, мәселе шешімін тапқан соң, видео өшірілді.

Видеода бастапқыда оқытушы қыздан қандай дінді ұстанып жүргенін сұрайды. Ал студент өзінің ислам дінінде екенін айтады. Содан соң оқу орнының ішінде намазға жығылып жүргенін естіп, тәлімгерге ұрыса бастайды.

Неге оқисың сен? Кім саған рұқсат берді? Ешқандай рұқсат жоқ. Біздің университет религиялық университет емес. Сен онда «Нұр Мүбәракқа» түсуің керек еді,

деп жекіп тастайды оқытушы.

Тіпті журналистиканы оқитын студент болсаң да, сені ешқандай телеарна жұмысқа алмайды деп ұрысады. Одан соң оқиғаның немен өрбігені белгісіз. Намазхан қыз оқытушының осы сөздерінен кейін кетіп қалған.

Бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушыларын екі пікірге бөлді. Бірі осындай орамал таққыштардың ертеңгі әрекеттеріне алаңдаушылық білдірсе, қалғандары дінсіз оқытушылардан аулақ болған дұрыс деседі:

Құдайсыз, дінсіз оқытушылар балаларымызға тәлім беріп жүр қазір,

Мына оқытушыны шұғыл жұмыстан шығару керек

Декан оның намысына тиетіндей ештеңе айтып отырған жоқ, сұрауы орынды

Әркім өзі үшін оқиды. Үйінде оқысын, не мешітке барсын

Ресми мәлімдемеге сай, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, факультет деканының студенттермен сұқбаттық қарым-қатынасы негізінде болған жағдайға байланысты кешірім сұрады. Университет оқытушыларымен және білім алушы студенттермен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілетіні айтылды. Әрі студент қыз оқудан шықпайтын болды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago