Көптен бері көрінбей кеткен қазақстандық актер, музыкант, блогер Әнуар Нұрпейісов Марк Цукербергтің жаңа Threads әлеуметтік желісіне тіркеліп, ислам діні туралы бірнеше даулы мәлімдеме жасап, көптің талқысына түсті.
Айтуынша, ислам дінін берік ұстанатын адамдар өміріне ашулы, себебі көп нәрсеге өздеріне «рұқсат бермейді».
Намазхандардың көпшілігі уытты, үкім шығарғыш «душнила» болып келетінін байқадыңыз ба? Себебі қарапайым: оларға біз істеп жүрген көп нәрсе тыйым салынған. Міне, сол себепті олар ашуланады,
деп жазды ол.
Нұрпейісовтың жазбасы мұнымен шектелген жоқ. Ол бір кездері ислам дінін өзі де берік ұстанғанын, үзбей 5 уақыт намаз оқығанын айтады. Алайда, уақыт өте келе жайнамазды йога кілемшесіне ауыстырған.
Төрт жыл бұрын мен йога кілемшесіне тұрдым және оның пайдасы мың есе артық болып шықты,
дейді ол.
Нүрпейісов хиджабтағы қыздарды да «түртіп» өтуден тайсалмады. Оның пікірінше, әйелдерді орамал тағуға ер кісілер мәжбүрлейді.
Әр ұлы еркектің артында ұлы әйел тұрады, ал әр оранған әйелдің артында сақалды еркек тұрады,
делінген жазбада.
Бұдан кейін актерге ислам дінін ұстанушылар тарапынан қоқан-лоқы көрсеткен хабарламалар келе бастаған. Олардың көбі актерге өлім тілеп, қарғыс айтқан.
Актер шындықты айтқаны үшін оқырмандарынан кешірім сұрады.
Құрметті мұсылмандар, әлемдегі ең асыл діннің өкілдері, сіздердің ашу мен ызаға толы пікірлеріңізді оқыдым және шындықты айтқаным үшін, дамыған елде тұрғым келетіні және сіздерді адекваттыққа, оқып білуге, ғылымға, алға қарай өрлеуге шақырғаным үшін кешірім сұраймын. Ислам мемлекетінде тұрғым келмейтіні үшін кешірім сұраймын. Ақты ақ, қараны қара дейтін өркениетті елде өмір сүргім келетіні үшін кешірім өтінемін. Кешіріңіздерші… Мен сіздерден қайта-қайта кешірім сұрай беремін. Иншалла, сіздер мені кешіресіздер деп ойлаймын,
деді ол стористегі бейнежазбада.
Исламға қатысты жазбаларын актер
Бізге заңдастыру керек, otherwise исламдандыру. #құлдар
деген жазбамен түйіндеді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…