Фото: Prostorecepty.com
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстандағы нан бағасы туралы айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
4 қазанда нан 11,9 процентке қымбаттады. Бәріңіз білесіздер, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қаңтардан қыркүйекке дейін арзандатылған астық жеткізді. Қазаннан бастап жыл аяғына дейін өңірлер жаңа егінге қатысты баға қояды,
деді министр кулуарда журналистер сұрағына жауап бере отырып.
Қарашөкеев нан бірнеше себепке байланысты қымбаттауы мүмкін екенін түсіндірді.
Компоненттер, электр энергиясы қымбаттап жатыр, коммуналдық қызметтер. Сондықтан, жалпы бағаның өсуі бар, оны көріп отырмыз. Қаңтардан бастап бағаны тұрақтандыру үшін барлық шараны қабылдаймыз. Жалпы, бағаның шарықтауына негіз жоқ. Өйткені ұн былтырғымен салыстырғанда көбірек өндіріледі, бидай көп, тіпті орташа жылдық өнімнен де жоғары. Тұрақтандыру қорына биыл миллион тонна астық жинауды жоспарлап отырмыз. Оның 900 мың тоннасы — бидай. Бар қорларды ескере отырып, барлық әлеуметтік маңызы бар өнім, оның ішінде әлеуметтік ұн бағасын толығымен сақтаймыз,
деді министр.
Айта кетейік, елімізде нан 19,4%-ке қымбаттады.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…