Нашар интернет үшін операторларға 1,2 миллиард теңге айыппұл салынды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин сапасыз байланыс пен интернет үшін операторлар қомақты сомада айыппұл төлеп жатқанын айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлады.

Қазақстанда 6 406 елді мекен бар, оның 4 733-і, яғни 74% кең жолақты интернетке қосылған. 1 628 елді мекен 4G-ге қосылған, ал 3 105-і 3G технологиясымен қамтамасыз етілген. Барлық елді мекендердің 34% ADSL технологиясымен, яғни мыс сымымен қосылған, сонымен қатар оптика жүйесімен 26% қамтамасыз етіліп отыр. Сонымен бірге тұрғындар саны 260 мыңнан асатын 1 673 ауыл кең жолақты ұялы байланыс интернетпен қамтылмаған. Байланыс сапасын көтеру мақсатында біз жыл сайын «базалық станциялардың» санын көбейтіп жатырмыз. Бүгінде 43 мыңдай базалық станция орнаттық. Демек, жыл сайын 4 мың жаңа станцияға іске қосылады,

деді Мусин.

Осы орайда ол заңнамалық өзгерістер арқылы операторларды байланыс инфрақұрылымына инвестиция салуға ынталандыру тетіктері бекітілгенін айтты.

Атап айтқанда, әрбір байланыс технологиясы үшін ең төменгі сапа параметрлері белгіленген. Нақты айтатын болсақ, 3G-ге секундына 1 Мбит, 4G-ге секундына 5 Мбит айқындалды. Бұл механизмге сәйкес, бекітілген сапа көрсеткіштерін бірінші рет бұзғаны үшін айыппұл сомасы 100 айлық есептік көрсеткіштен 1 000-ға көтерілді. Бұл талап қайта бұзылса, 200 АЕК-тен 15 мыңға дейін жетеді. Шынын айту керек, бұрын айыппұл мөлшері аз болған. Сол себепті операторларға, басты жауапкершілікті алмай, жай ғана айыппұл төлеп жүре беру ығайлы еді,

деді ведомство басшысы.

Бұл тұрғыда ол айыппұл сомасының өсуі операторларды өз инфрақұрылымына жауапкершілікпен қарауға міндеттейтінін айтты.

Айыппұл механизмі бюджетке түсетін кірісті көтерді. 2022 жылы барлығы 1 051 тексеру жүргізіліп, 1 миллиард 264 миллион теңге сомасына айыппұл жазылды. Бұған қоса, айыппұл нәтижесінде операторлар 700 ден астам базалық станция қосымша орнатты,

деді министр.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

5 месяцев ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago