Categories: Қоғам

Науқастарға ВИЧ жұққан аурухананың бас дәрігері босатылды

Алматы орталық клиникалық ауруханасының директоры Нариман Табынбаев үш науқас ВИЧ індетін жұқтырған соң қызметінен босатылды. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шәметеков айтты.

Иран Шәметеков 28 шілдеде өткен брифингте Орталық клиникалық аурухананың директоры қызметінен босатылғаны туралы ақпаратты айтты. Ол аурухананың тағы бірнеше қызметкерінің де қызметтерінен босатылғанын жеткізді.

Қазіргі жағдайды ескере отырып және комиссияның қорытындысы негізінде қалалық аурухананың бас дәрігері Нариман Табынбаев жұмыстан шеттетілді. Бас дәрігердің эпидемиология жөніндегі орынбасары, реанимация бөлімінің меңгерушісі, аурухананың бас медбикесі және реанимация бөлімінің бас медбикесі жағымсыз себептермен жұмыстан босатылды,

деді Иран Шәметеков.

Процессуалдық шешім қабылдау және әрбір қызметкердің жауапкершілік шарасын белгілеу үшін комиссия жұмысының қорытындысымен материалдар мен анықтамалар қалалық ПД-на жолданды.

Қазіргі таңда АИТВ-инфекциясын жұқтырған үш науқас ЖИТС орталығына тіркелді, жеке емдеу режимі бойынша антиретровирустық препараттармен қамтамасыз етілді, оларға жергілікті бюджет есебінен барлық қажетті медициналық-психологиялық көмек көрсетілуде,

деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шәметеков.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago