Фото: TSN.ua
Синоптиктер болжамынша, көктемнің бірінші айында ұзақ уақыт болған аяз көптен күткен жылуға ауысады, орташа айлық ауа температурасы Қазақстан Республикасының басым бөлігінде нормадан 1°С жоғары, еліміздің солтүстік-батысында норма шамасында болуы мүмкін.
Наурызда жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан көп, Қазақстанның батысында, солтүстігінде және оңтүстік-батыста норма шамасында болады.
Наурыз айы тұрақсыз ауа райымен басталады. Баренц және Карск теңіздер аудандарынан циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар өтіп, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын және жылбысқы қар жауады. Солтүстік жартысында бұрқасын болжанады. Оңтүстік жартысында жаңбыр, найзағай болуы мүмкін. ҚР облыстарының басым бөлігінде көктайғақ болып, жел 18-25 м/с дейін күшейеді,
делінген хабарламада.
Наурыздың басында солтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 0-5°С, күндіз -2+5°С, оңтүстікте түнде -3+10°С, күндіз +13+20°С-қа дейін жоғарылауы ықтимал. Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында Батыс суық антициклонының әсерінен ауа температурасының түнде -5-12°С, күндіз 0-8°С-қа дейін аздап төмендеуі мүмкін. Қазақстан республикасының қалған аумағында 03-04 наурызда ауа температурасы:
Бірінші онкүндіктің екінші жартысында республика аумағында қайтадан тұрақсыз ауа райы болады. Бұл Батыс циклондарының ықпалымен және Оңтүстік Каспий циклонының шығуымен байланысты. Жауын-шашын, көбінесе жаңбыр жауып, күндізгі ауа температурасының айтарлықтай жоғарылауы байқалатын болады. Солтүстік жартысында күндіз -2+5°С дейін, оңтүстік жартысында +17+22°С дейін жоғарылайды. Ауа температурасының тағы бір төмендеуі Батыс антициклонымен байланысты онкүндіктің соңында болжанады.
Екінші онкүндіктің басында ҚР басым бөлігінде Иран жақтан келетін жылы ауа массаларының ықпалымен жылы және жауын-шашынсыз ауа райы болады. Ауа температурасы күндіз солтүстік жартысында +3+10°С дейін, оңтүстік жартысында +18+25°С дейін жоғарылайды.
Наурыздағы ауа райы құбылмалы. Бұл осы айға тән, қар еру көбінесе аязды күндермен алмасуы және қысқы боран әлі де болуы мүмкін,
делінген хабарламада.
Екінші онкүндіктің кей күнінде суық арктикалық ауа массалардың енуі салдарынан ауа температурасы:
Республикада нағыз көктемгі ауа райы айдың үшінші онкүндігінде болады. Еліміздің оңтүстік жартысында ауа температурасы күндіз біртіндеп +15+25°С-қа дейін, солтүстік жартысында ауа температурасы +3+12°С-қа дейін жоғарылайды.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…