Бірнеше сағат бұрын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалғанын хабарладық. Ал оның өмірін сақтап қалған дәрігер — Ұлттық кардиохирургия орталығының басшысы Юрий Пя. Ол туралы не білеміз?
Юрий Пяның есімі біздің елде ғана емес, шет мемлекеттерде де кеңінен танымал. Ол — дүниежүзіндегі ең табысты кардиохирургтың бірі, Қазақстанда жүрек ауруларын емдеуді жаңа деңгейге көтерген көптеген серпінді әдіс пен инновация шешімдерінің авторы.
Юрий Пяның арқасында Қазақстанның кардиохирургиясы әлемдегі ең озық денсаулық сақтау салаларының қатарына енді. Пянің білікті дәрігер екені соншалық, қазақстандықтар шетелге емес, шетел азаматтары Қазақстанға ота жасатуға келеді.
Жамбылдың тумасы Н. И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медициналық университетінде білім алған. Қызметін Туладағы ауруханада қарапайым дәрігер ретінде бастаған. Ал қазір 13 жылдан бері әлемге әйгілі медицина ғылымдарының докторы ең танымал кардиохирургия клиникаларының бірін басқарады.
Дәл сол жерде Пя елімізде және бүкіл Орталық Азияда алғаш болып имплантация бойынша бірегей, күрделі операциялар жасады. 2012 жылы ол 38 жастағы науқасқа донорлық жүректі бірінші болып трансплантациялады.
Оның басшылығында кардиохирургия орталығында жүрек және қан айналымы ауруларын емдеу бойынша ондаған әдістер енгізілді, жаңа технологиялардың көмегімен екі мыңнан астам операциялар жүргізілді.
2016 жылы Пя әлемдік медицинадағы ең қиын операциялардың бірі — өкпе трансплантациясын жасады.
Оның басшылығы кезінде Астана орталығы қуатты кәсіби дәрігерлер ұжымымен әлемдегі жетекші кардиологиялық клиникаға айналды.
Юрий Владимировичтің өзі жылына кемінде 365 операция жасайды. Бұл тек экспоненциалды статистика ғана емес, аман қалған жандардың саны.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…