Атақ және ақша

Назарбаев: Ұрпақсыз емеспін, ұлдарым бар

Экс-президенттің өз қолымен жазылған ең шынайы шығарма қарашаның орта шенінде тәмам болып, әулеттің басқан ізін аңдып отырған аудиторияға жол тартты.

DALA INSIDE Нұрсұлтан Әбішұлының көз майын тауысып кітап жазып жатқанын хабарлаған. Бізге жеткен мәлімет бойынша Назарбаев өзі өмірден өткесін соңынан сөз ергенін қаламаған. Сондықтан осы отыз жылда бастан кешкенін бір кітапқа сыйдыруды жөн санаған.

«Менің өмірім» деп аталатын кітапта Назарбаев сынаптай сырғып өткен дәуренді ой елегінен өткеріп, ағыл-тегіл ақтарылады. 

Саяси айтыс-тартыстан бөлек, жеке өміріне қатысты қым-қуыт оқиғаларды  жіпке тізеді. Тоқалы бар (екінші отбасы) екенін мойындайды. Әсел Исабаеваға ес-түссіз ғашық болғанын айта келе, екеуінің арасындағы махаббат хикаясын майын тамызып баяндайды.

Одан туған екі ұл — Тауман мен Бәйкеннің ұрпақ сабастығын жалғап, әулеттің үзілгелі тұрған үмітін қайта тірілткенін әңгімелейді.

Назарбаевтың қос мұрагері — ат жалын тартып мінер жасқа жетті. Тауман 2005 жылы өмірге келсе, Бәйкен 2008 жылы дүние есігін ашқан.

Экс-президенттің екі ұлға ерекше акцент беруі тегін емес. Бұл бір жағынан сіз бен бізге қыр көрсету.

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша сырт көзге сыр алдырмаса да, Әбішұлы қазіргі президентке өкпелі. Осыған дейінгі Тоқаевтың тарапынан айтылған астарлы сын Назарбаевқа ауыр тиген. Экс-президентке соңына адал болуға серт берген ескі гвардия ертеңгі күні Тауман мен Бәйкен тандемінің төңірегіне топтасуы ғажап емес.

Інісі Болаттың өлімінен кейін үлкен басқосу өткізген Нұрағаның не білгені бар? Ескі Қазақстан келер жылға қандай «тосын сый» дайындап отыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago