Қаржы мониторинг агенттігі Дариға Назарбаеваның Қазақстан — Қытай шекарасындағы бизнес схемасына тергеу жүргізуде. Себебі Қытай мен қазақ шекарасындағы «Нұрлы жол» бекетіне қарасты ұзындығы 3 km жолды Назарбаеваның «Eurotransit Nur Zholy» компаниясы пайда көзіне айналдырған, деп жазды ZTB парақшасы Dalainside Telegram арнасына сілтеме жасап.
Қазақ шекарасынан өткесін саудагерлер нейтралды аумақта орналасқан сауда орталығына барып, өздеріне керектіні сатып алады. Содан соң жүк пен жолаушыны жоғарыда айтқан «Eurotransit Nur Zholy-ның» көліктері шекара маңына дейін жеткізеді. Шекараға дейінгі жол ұзақтығы небәрі үш-ақ шақырым. Ал жолаушылар осы үш шақырымды жүріп өту үшін компанияның логистикалық қызметіне жүгініп, қомақты ақша төлеуге мәжбүр болған.
Жүк және жолаушы тасымалдау ісімен айналысатын өзге компанияларды бұл жерге жолатпаған. Осылайша «Eurotransit Nur Zholy» компаниясы Қорғастағы жеке-дара монополиске айналған.
Назарбаеваға тиесілі «Нұрлы жол» бекетін салуға «Еуразия банкінен» 100 млн доллар бөлінген. Қаржы мониторингі агенттігі осыған дейін компания Қытай Халық Республикасының бейтарап аумағынан Қазақстан Республикасына жүк тасымалдаушы жалғыз оператор бола тұра, аталған қызметке бағаны заңсыз өсіргенін мәлімдеген еді.
Бұл компания монополистік қызметтен 4,2 млрд теңге табыс тапқан. Тергеу барысында «Eurotransit Nur Zholy» ЖШС кінәні толығымен мойындады. Сондай-ақ құны 5,3 млрд теңгеден асатын ЖШС активтерін (аумағында көлік-логистикалық ұйым орналасқан 3,6 га жер телімі) мемлекетке беру турлы өтініш жазған.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…