Саясат

Назарбаев қыздарымен көпшілікте жиі көріне бастады

Әлеуметтік желіде кешелі бері экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана Сlub форумына қатысуы қызу талқыланып жатыр. Назарбаев екі қызымен іс-шараға келген.

Тұңғыш президенттің осы әрекеті жөнінде мәжіліс кулуарында журналистер депутат Бақытжан Базарбекке сұрақ қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Назарбаевтың жиі көріне бастауы қалыпты дүние ме, әлде қауіпті жағдай ма?

деп сұрады журналист.

Бұл сауалға жауап берген Бақытжан Базарбек жан-жақтан қазір тақырып талқылап жатқанын айтады

Анау жерге немесе мынау жерге қатысқанын. Білмеймін. Өзі солай шешкен шығар. Шынымды айтсам, оған қызықпаймын. Кітабын да оқып жатқан жоқпын,

дейді ол.

Журналист Базарбектен «егер экс-президент Назарбаев қайтадан билікке келсе, сіздің депутат болуыңыз мүмкін бе?» деп сұрады.

Оның келуі мүмкін емес. Бәріміз қазір сол кісінің басқару кезеңіндегі былықтың бәрін не қылып жатырмыз. Ол кісінің билікке келуі барлық жұмысымызды құрдымға кетіреді. Ол болмайды. Оның заманы өтті. Жаңа заманға аяқ бастық. Ол кісінің билікке келуін екіталай деймін. Қаншама халықтың мұңы, қордаланған проблема, энергетика, ауыл шаруашылығы, жер мен су саласы, білім, денсаулық сақтау, халықаралық қарым-қатынастары проблемалардың барлығы шыны керек, сол кісінің кезінде орын алды. Әрине, жетіктіктері болды, бірақ проблемалары көп болды. Ең бастысы, сыбайлас жемқорлық белең алып кетті. Қаптап кетті.

Ол кісінің билікке қайта келуі деген ұят нәрсе.

Қаңтар оқиғасынан кейін “зейнеткермін” деп мәлімдеме жасаған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев былтырдан бері жұрттың алдына көп шықпай кеткен. Тек президент сайлауында бой көрсетіп, биыл бауыры Болат Назарбаевтың асында да сөйлеген сөздері БАҚ-қа кең тараған еді. Ал кеше Назарбаевтың форумға қатысып, шетелдік меймандар алдында сөйлеп отырған видеосы тарады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago