Оқиға

Назарбаев жаңа кітабында Қаңтар оқиғасына бүтін бір тарау арнады

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан — бостандыққа» атты жаңа кітабы жарық көрді. Кітапта экс-президент Қаңтар оқиғасы туралы ойын да жазған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев кітабында Қаңтар оқиғасы тақырыбына бүтін бір тарау арнаған. Автордың жазуынша, 2022 жылғы қаңтар оқиғасы — тәуелсіздіктің отыз жылдық тарихында ел басына түскен ең ауыр сынақ.

«Қаңтарда ұйымдасқан экстремистік топтар елімізде жаппай тәртіпсіздік орнатып, террорлық шабуыл жасады. Соның салдарынан бейбіт тұрғындар зардап шекті. Лаңкестер елдігіміз бен егемендігімізге, тыныштығымыз бен тұтастығымызға қауіп төндіріп, жұрттың берекесін қашырды. Сұйытылған газ бағасының оқыс көтерілуіне байланысты туындаған жұртшылық наразылығын бетке тұтып алып, жаппай бағынбаушылыққа шақырды.

Экстремистер тәртіпсіздіктер ұйымдастырды, өрт қойды, вандализмге жол берді, бірқатар облыс орталықтарында әкімшілік ғимараттарын, Алматы әуежайын, қару сататын дүкендерді басып алды, қалыпты тіршілік ету нысандарына шабуыл жасады, қала тұрғындарын, құқық қорғау органдары қызметкерлерін ұрып-соқты, сабады. Мысалы Алматыда жүгенсіз кеткен тобыр президент резиденциясын, қалалық әкімдік ғимаратын өртеп жіберді. Полицейлер, әскери қызметшілер, бейбіт тұрғындар өлді», — делінген кітапта.

Экс-президент зейнетте жүргендіктен ол оқиғалардың бәрін сырттан бақылауға тура келгенін жазады. Автордың пайымдауынша, қаңтар оқиғасы кезінде радикалды оппозицияның шын бет-бейнесі ашылған.

«Радикалды оппозицияның шын бет-бейнесі қаңтар оқиғасы кезінде түпкілікті ашылды. Наразылық акциясы басталысымен-ақ Әбіләзов қарсылық білдіруге шыққан адамдарға ұран салып, «іс-әрекетті үйлестіруге» шақырған. Facebook арқылы демонстранттарға жолдаған үндеуінде украиналық операторлардың кодын көрсетіпті. Әбіләзовтің бұл жөнінде алдын ала құрған штабы Киевте орналасқаны анықталды. Қантөгіске қатысы барын жасырмай айтады. Мақтаныш етіп айтады. Айызы қанып айтады. Адамдардың қасіретін саясаттағы жеңісіндей көріп сөйлейді. Неткен сұмдық», — деп жазады автор.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қаңтар оқиғасы туралы тарауда ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің есімін атаған.

«2023 жылғы 24 сәуірде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ұлттық қауіпсіздік комитетінін бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке және оның орынбасарлары Ә. Садықұловқа, Д. Ерғожинге, М. Осиповке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. К. Мәсімов пен Ә. Садықұлов мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу, билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану, Д. Ерғожин билікті күшпен басып алу, билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану, М. Осипов билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану бойынша айыпты деп табылды. Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды. Басқалар да тиісті жазасын алды», — деп жазады ол.

Кітап авторы қаңтар оқиғасы кезінде мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет жасалды деген бас прокурор Берік Асыловтың сөзімен толық келісетінін айтады.

«Мемлекеттік төңкеріске дайындық 2021 жылдың өн бойында жүргізілгені анықталды. Бас прокурор депутаттар алдында сөйлеген сөзінде «2021 жыл бойы, жасырын түрде радикалды шара қолдану үшін орындаушыларды дайындау жүргізілгенін ғана айта аламын. Орындаушылардың қатарында ұйымдасқан қылмыстық топтар болған. Олар адамдарды жинап, қаруландырған, рация және көлік сатып алған. Тергеу анықтағандай, осы бүлдіргі әрекеттердің басында күш құрылымдарының жекелеген өкілдері тұрған» деп те айтты. Мұның даусыз дәлелі — 5 қаңтарда ҰҚК басшылығынан қағаз жүзінде түскен тапсырма бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қалалық, Алматы облыстық, Қызылорда облыстық департаменттері ғимараттарын жеке құрамның тастап шыққаны», — делінген кітапта.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago