Назарбаевтың үйі жұмысшыларға 80 мың жалақы төлейді

Алматыда көптен бері көрінбей кеткен, алайда аракідік әлемжелі арқылы хал сұрасып тұратын бір таныс адам бар еді. Сәті түсіп, өткенде Президент саябағында кездесіп, біраз әңгіменің түйінін тарқаттық, деген әңгіменің шетін шығарып қойды әлеуметтік желіде Қуаныш Рахметоллаұлы.

Құрылыста істеп жүрсің бе? Жұмысың қалай? Бәрі жақсы ма? деп сұрап жатсам, ол маған «Жоға, біз құрылыстан кеткелі қашан. Одан бері барахолкада тәшкі де сүйредік, дүкенді күзеттік. Қазір Нұрсұлтанның үйіндемін, дейді.

– Өй, Нұрсұлтаны несі. Назарбаев па?

– Иә, дәл өзі.

– Қойшы. Қалжыңдап тұрған шығарсың.

– Жоға. Міне, Президент паркінің арт жағында, Назарбаев әулетіне тиесілі зәулім үйде жұмыс істегелі 4 жылдың жүзі болады биыл. Осындамын, общым.

– Сонда не жұмыс істейсің?

– Көбінесе тазалыққа қараймыз. Менімен қоса біраз жұмысшы бар. Қыздар жағы үйдің ішіндегі тазалыққа жауап береді. Біз сыртта жүреміз. Әйтеуір, ешкім мазаңды алмайды. Жұмыс тыныш.

– Тыныш болғаны жақсы екен. Жалақың жаман емес шығар?

– Енді, жұмысқа алғаш кіргенімде айына 75 мың теңге алдым. Былтырдан бастап 80 мыңға көтерді.

– Аз емес пе?

– Жалақыны көтеріңдер деп бастықтарға айтқанбыз. Ақша жоқ деп жауап берді.

– Кім ол бастықтарыңыз?

– Бізді қадағалап жүреді. Бірақ Нұрсұлтанның туыстары емес.

– Тек сол жерде ғана жұмыс істейсіңдер ме?

– Көбінесе осындамыз. Бір-екі рет Шамалғандағы Болат Назарбаевтың үйіне барып жұмыс істедік. Ауласын тазаладық. Үйі үлкен екен. Екі охранадан өттік қой. Біз ғана Болат Назарбаевтың үйінде жұмыс істеген жоқпыз, ол кезде. Әкімдіктегілер адам жіберіп, солармен бірлесіп тазалық жұмыстарын жүргізгенбіз.

– Калым деші…

– Қайдағы калым. Жалақыға кіреді ғой. Қосымша оған ақы төлеген жоқ.

– Қазір үйдің иелерін көріп тұрасың ба?

–  Жоға. Олар қаңтардан бері жоқ қой.

Осылай, бір-екі сағат әңгімелесіп қайттым. «Әзірге Назарбаевтың әулетіне тиесілі зәулім үйде, жалақысы жоғары жұмыс табылғанша істей тұрамын» деді.

Е-е. Сараң бай екен дедім,

деп түйіндейді жазба авторы.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago