Назарбаевтың күйеу баласы ҰОКА атқарушы комитетіне қайта сайланды

Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев 2023-2026 жылдарға Ұлттық олимпиада комитеті қауымдастығының атқару комитетінің құрамына қайта сайланды.

Құлыбаевтың кандидатурасын Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) континент өкілі ретінде ұсынды. Тимур Құлыбаев 2015 жылдан бері Құрлықтық қауымдастықтың Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті.

Ұлттық Олимпиада комитеттерінің — Халықаралық Олимпиада комитеті мойындаған 206 Ұлттық Олимпиада комитеттерін біріктіретін халықаралық ұйым. Ол бес құрлықтық ассоциацияларға бөлінеді: Африка (ҰОКАА), Америка (ПАСО), Азия (ОСА), Еуропа (ЕОК) және Океания (НОКО).

2012 жылдан бері қауымдастықты Азия Олимпиада кеңесінің де төрағасы Кувейт Шейхы Ахмад Әл-Фахад Әл-Сабах басқарады. Енді Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев ҰОКА-нің атқарушы комитетіне қайта сайланды. Бұған дейін ол комитеттің Халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының мүшесі болды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago