Фото: ашық дереккөзден
Естеріңізде болса, Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен келіссөз жүргізді. Кездесу барысында мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселесіне тоқталды. Өз сөзінде «делимитацияланған шекара» ұғымын қолданды. Бұл ретте саясаттанушы Асхат Қасенғали аталмыш ұғымның астарына үңілу керектігін өзінің Facebook парақшасында жазды.
«Кей сөздің астарына үңілсек, маңызды мәлімдеме табуға болады«,- дейді ол. Мысалы Тоқаев былай депті:
Бізді ортақ шекара біріктіреді. Ол әлемдегі ең ұзын, құрлықтағы толығымен делимитацияланған шекара. Біздің ынтымақтастығымыздың болашағына қатысты пессимистік болжамдар жасауға, әрине, негіз жоқ
Саясаттанушының сөзінше, бұл жерде екі сөзге мән беру керек. Біріншісі “толығымен делимитацияланған шекара”. Яғни “сенімен толық шешіп алғанбыз, шекара бойынша мәселе жоқ, өздерің қол қойғансыңдар” деген сөз. “Шекара” дегенді “территориялдық мәселе де жоқ” деп түсінсе болады. Аумақтық тұтастыққа қатысты саясаткерлерің айта бермесін дегені.
Екінші сөз, “пессимистік болжамдар жасауға негіз жоқ” деген сөз. Пессимистік болжамдарды Ресей жасайды көбіне, оны да доғару керек дегені.
«Әрине Қазақстан Ресеймен сауда-экономикалық қатынасын жасай береді. 7 облыс Ресеймен шектесіп тұр. Өкінішке орай Құдай қосып қойған көрші, жерді көтеріп алып, көшіп кете алмаймыз. Бірақ Қазақстан геосаяси жағдайдың да өзгеріп тұрғанын, аумалы-төкпелі заман ағымын біледі, түсінеді (деп ойлаймын). Кеше даттап, бүгін мақтап, ертең бейтарап қалып, сосын ескертіп, күлкі астына қанжар жасырып, өтірік жымиып елді алып шығу керек. Саясат қой, саясат…
деп түйіндепті Асхат Қасенғали.
Еске сала кетейік, мемлекет тарихы институтының директоры Еркін Әбіл бір берген сұқбатында Нұрсұлтан Назарбаевтың ерлігіне тоқталған еді. Әңгімесінде ол бұрынғы президенттің тәуелсіздік алған кезде Қазақстан шекарасын құқықтық тұрғыдан бекітуге біржола нүкте қойғанын айтты.
Шешілмеген аумақтық мәселелер жас мемлекетке қауіп төндіруі мүмкін, бұл Нұрсұлтан Назарбаевты Орталық Азиядағы көршілерімен де, Ресей мен Қытай сияқты ірі аймақтық ойыншылармен де шекара мәселелері бойынша өзара қолайлы ымыраға келуге итермеледі. Шешілмеген аумақтық проблемалары жоқ елдің келешек ұрпағына мұра қалдыру үшін Назарбаев өзінің бар дипломатиялық қабілетін жұмсады. ХХІ ғасырдың басындағы бірінші Президенттің саяси көрегендігінің арқасында Қазақстан мемлекеттік шекараларды делимитациялау мәселесін күн тәртібінен алып тастады,
деген еді Еркін Әбіл.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…