Атақ және ақша

Назарбаевты жер жұтты ма? Оны ешкім таба алмай жатыр

«Тұңғышымыз» қайда? Үн жоқ, түн жоқ. Тірі ме, өзі?

Блогер Аида Жексен тұңғыш президенттің Қарағандыдағы кеншілердің қазасына байланысты әлі көңіл айтпағанын жеткізді, деп жазыпты stan.kz.

«Қарағандыдағы қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлі де көңіл айтпағаны қызық болып тұр. Ол өзі жалпы тірі ме?», — деп жазды ол Telegram-арнасында.

30 тамыз күні Нұрсұлтан Назарбаевтың Instagram желісіндегі ресми аккаунтында Конституция күнімен құттықтауы жарияланды.

Сол күні ол туралы Беларусь президентінің сайтында да айтылды. Хабарламада Александр Лукашенконың Қазақстанның қазіргі және бұрынғы президенттерімен телефон арқылы сөйлескені жазылған.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен әңгімелесу барысында Беларусь-Қазақстан ынтымақтастығын дамытудың перспективалық бағыттары талқыланды. Ел басшылары халықаралық мәселелер бойынша да пікір алмасты. Сондай-ақ Александр Лукашенко Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті», — делінген баспасөз хабарламасында.

Бұған дейін Лукашенко мен Назарбаевтың 25 маусымда телефон арқылы сөйлескені хабарланған болатын.

Айта кетейік, Назарбаев 17 тамызда «Казахстанская» кенішінде болған қайғылы оқиғаға қатысты да көңіл айту хатын жазбады. Экс-президент атынан мұндай соңғы мәтін 11 маусымда ресми сайтында жарияланды. Онда ол Абай облысындағы өртте қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтқан еді.

Нұрсұлтан Назарбаев 19 наурызда халық алдына шыққан. Ол Астана опера және балет театрына барып, Қазақстан тұрғындарын келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауға дауыс берген.

Ал Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай қоңыраулар мен хабарламаларға жауап бермеді.

Бұл ретте, Үкібайдың өзінің әлеуметтік желідегі соңғы жазбасы 24 қазанда жарияланғанын айта кетейік.

Ол да Қарағандыдағы қайғылы оқиғаға қатысты үн қатпады.

Тұңғыш президенттің кеңсесіне қоңырау шалу да нәтиже бермеді. Жауап берген қызметкер кеңсе бұдан былай жұмыс істемейтінін және Назарбаевқа қатысты сұрақтарға жауап беруге құзырының жоқтығын айтты. Ол сондай-ақ жағдайға түсініктеме бере алатын ешкімді білмейтінін жеткізді.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 недели ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago