Categories: Саясат

Үндістанда тікелей эфирде саясаткерді атып өлтірген

Үндістанда саясаткер мен оның ағасына тікелей эфирде шабуылдаған деп хабарлайды DW

Бейнежазба әлеуметтік желілерде таралды.

Шабуыл Праяградж қаласында болды.

Содырлар өздерін журналист ретінде көрсетіп, жақын арақашықтан оқ жаудырды. 

Биліктің айтуынша, Үндістан Парламентінің бұрынғы мүшесі Атик Ахмед пен оның ағасын сенбі күні кешке полиция медициналық тексеруге апарған. Сол кезде қаскөйлер оны тікелей эфирде атып өлтірген.

Алдын ала ақпарат бойынша, үш адам журналист ретінде келіп, оқ жаудырды, шабуылдаушылар ұсталып, олардан жауап алынды,

деді полиция өкілі Прашант Кумар.

Кісі өлтіруден кейін тағы толқулар орын алмасын деп, Уттар-Прадеш Үкіметі штат бойынша төрт адамнан астам жиналуға тыйым салды.

Уттар-Прадеш заң шығарушы органының бұрынғы мүшесі Ахмед адам ұрлау, кісі өлтіру және бопсалау сияқты ондаған істер бойынша айыпталды. Осы наурызда жергілікті сот оны және тағы екі адамды ұрлау ісі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырған еді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago