Фото: orda.kz
Үкімет қабырғасында «Арселор Миттал Теміртау» акционерлік қоғамының жұмысын тоқтатып, национализация процессін бастау идеясы талқылануда. Ол бойынша Әділет министрлігі өзінің сараптамасын беруі тиіс. Себебі, Митталдың бізбен халықаралық арбитражда соттасатыны айдан анық.
Бұл туралы Nege.kz дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.
Одан бөлек, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ бас директоры, үнді азаматы Биджу Наирдың үстінен қылмыстық іс қозғау мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
ҚР Қылмыстық Кодексінің 254-бабы бойынша,коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның өз қызметiне адал қарамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан өз мiндеттерiн орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, белгiлi бiр лаузымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Биджу Наир «Арселор Миттал Теміртауды» басқарып отырған 2020 жылдан бері 14 адам өлді. Жыл сайын тұрақты түрде 4-5 адам апатты жағдайдың салдарынан қайтыс болады. Және ол тікелей компания басшысының кінәсі,
делінген басылым таратқан ақпаратта.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…