Categories: Галерея

«Некесіз баласын мойындатқан»: Джеки Чанның әйелі туралы не белгілі?

Актер, каскадер және продюсер Джеки Чанды бәрі біледі. Көбі оның фильмдерін көріп, жастайынан еліктеп өсті. Бірақ оның жеке өмірі туралы ақпарат өте аз, себебі актердің өзі жеке өмірін қызғыштай қорып, көп айта бермейді.

Басылымдарда Джеки Чанның балаларына қатысты жанжал оқиғалар шығып тұрады. Бастапқыда ұлы есірткімен байланысты жағымсыз оқиғаға тап болды, ал кейін қызы басқа бір бойжеткенмен бас қосты деген ақпарат шықты. Балалары болса, демек әйелі де бар деген сөз ғой. Дәл солай, заңды бір әйелі бар, актер онымен 40 жылдан астам уақыт бірге тұрып келеді. Ол әрқашан күйеуінің көлеңкесінде қалып келген.

Боевиктер қаһарманы әйелінің есімі Линь Фэнцзяо. Олар 1982 жылы, Джеки танымал болып тұрған кезде танысқан. Линь танымал журналдың редакторы — құрбысына қонаққа келеді, ал сол кезде қонақта Джеки Чан отырады. Актер қызға бірден ғашық болған деседі, ал кейін сөйлесе келе тіпті «тағдырым» деп шешкен.

1983 жылы жұп құпия түрде Лос-Анджелесте, мейрамханада үйленеді. Джеки Чан жанкүйерлері оның үйленгені туралы білгенін қаламайды. Ал Линьге тіпті бәрібір болатын, ол үшін Джекидің махаббатынан басқа ештеңе маңызды емес болатын. 1984 жылы жұптың Чан Цзоминг есімді ұлдары дүниеге келеді, кейін ол өзін Джейси Чан деп атап кетеді.

Баласы дүниеге келсе де, актер өзінің отбасылық өмірін құпияда ұстап келеді және жұрт оны көп жылдар бойы ең қалаулы бойдақтардың тізіміне қосып жүреді. Джеки үйленгенін тек 1998 жылы жарияға жаңалық етіп айтады. Ол кезде Джейси 15 жаста болатын.

Джеки әйелдердің назарынан қашпады, дегенмен әйеліне адал болды дейді таныстары. Алайда 1999 жылы шындықтың беті ашылады — Джеки Чанның «Великолепный» фильмінің түсірілімінде Элейн У Цилимен қарым-қатынаста болғаны белгілі болады. Осылайша дүниеге Этта У Чжолинь есімді қыз дүниеге келеді. Бұл оқиғаны сол кездері жазбаған басылым қалмады, Джеки Чан бұл романды жоққа шығарғанымен, Линь оның сөзіне сенбеді.

Иә, әйелі күйеуіне бұл опасыздығын кешіреді, алайда бір шарт қояды: Джекиге қызды мойындауды талап етеді. Джеки Чан әйелінің қалауын орындайды, дегенмен журналистермен бұл туралы сөйлесуден қашады. Кейін отбасында ақшаға қатысты дау туындайды — актер тапқан табысының көп бөлігін қайырымдылыққа беруді шешеді, алайда бұған ұлы қарсы болады.

Көп ұзамай жас жігітті полиция тыйым салынған заттарды сақтағаны үшін қамауға алады. Ал әкесі болса оған көмектесуден бас тартады. Басылымға берген сұхбатында Джеки Чан Джейси немен айналысып жатқанын білді және бұл оған сабақ болады дейді. Уақыт өте келе әкесі мен баласы татуласып, тіл табысады. Линь Фэнцзяомен қарым-қатынасы да бүлінбеді, жұп әлі күнге дейін қол ұстасып бірге өмір сүріп келеді. Алайда некесіз қызы 2015 жылы әкесінен түбегейлі бас тартып, «Нағыз әкем ол емес» деп мәлімдеме жасайды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

16 часов ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

4 дня ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 недели ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 недели ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 недели ago