Неліктен Леонардо ДиКаприо 25 жастан асқан қыздармен кездеспейді: психолог пікірі

Жақында 47 жастағы актер Леонардо Ди Каприо жүріп жүрген сүйіктісі Камилла Мороннемен айырылысқаны белгілі болды. Жұп 4 жылдан аса уақыт кездескен болатын. Көпшіліктің пікірінше, айырылысуға себеп — Леонардоның 25 жасқа толған қыздармен жүрмейтіндігі. Психолог Екатерина Козейкина актер неге тек 25 жасқа толмаған қыздарды қалайтынын болжап көрген екен. Бұл туралы Massaget.kz порталы psychologies.ru басылымына сілтеме жасап жазды.

Леонардо мен Камилланың қатынасы басынан бастап қоғамды қызықтырды. Біріншіден, жас айырмашылығы — 20 жастан аса. Екіншіден, ғаламтор қолданушылары мен БАҚ актердің тек жас қыздармен (25-ке толмаған) кездесетінін баяғыда байқады.

Мысалы, мұны оның бұрынғы қыздарының қатынас басында және аяғында нешеде болғанына қарап байқауға болады:

·        Жизель Бюндхен: 18 — 23 жас;

·        Бар Рафаэли: 20 — 25 жас;

·        Блейк Лайвли: 23 жас;

·        Эрин Хизертон: 22 жас;

·        Тони Гаррн: 20 — 21 жас;

·        Келли Рорбах: 25 жас;

·        Нина Агдал: 24 — 25 жас.

Камилла Моронне 25-ке толғаннан кейін екі айдан соң олардың Леонардомен қатынасы аяқталды. Неліктен актер қыздың жасына аса мән береді? Психолог Екатерина Козейкина бұған бірнеше себеп болуы мүмкін дейді:

Неке қиюды қаламайды

Әдетте, қыздар 25 жастан асқанда отбасы құруды ойлай бастайды. Ал актер әйелмен қатынаста жеңілдікті, көңіл көтеруді қалауы мүмкін. Ол мойнына отбасылық міндеттерді алғысы келмеуі мүмкін, сондықтан оған қызымен айырылыса салған оңай.

Жағымсыз тәжірибе

Леонардоның өмірінде 25-тен асқан әйелмен жағымсыз тәжірибе болған болуы мүмкін.

Орта жас кризисі

Актерде орта жас кризисі созылып кеткен болуы мүмкін, сондықтан ол жас қыздарды таңдау арқылы өзінің жастығын созуға тырысады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago