Categories: Қоғам

Несиені зейнетақы жинағы есебінен жабу — депутаттар ұсынысы қолдау таба ма?

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов премьер-министр Әлихан Смайылов, Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовқа және Жоғарғы есеп палатасының төрағасы Наталья Годуноваға сауал жолдап, азаматтардың несиесін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (әрі қарай БЖЗҚ) жинағы есебінен жабуды ұсынды. 

Жинақ құнсызданып жатыр

Аманжан Жамаловтың сөзінше, БЖЗҚ қорында 14 триллион теңге бар және ұйымды қазір Ұлттық банк басқарып отыр. Дегенмен зейнетақы активтерінің жағдайы көңіл көншітерліктей емес деді ол. 

БЖЗҚ 2014 жылдан бері зейнетақы активтерінің жиынтық кірістілігі 115,2% инфляциямен 119,5%-ға жеткенін айтты. Әрі бұл жетістік ретінде ұсынылды. Бұл аргументтердің қисынсыздығын түсіну үшін 2014 жылдан бері доллардың теңгеге шаққандағы бағамы үш есе өскенін еске салайын! Қарапайым тілмен айтқанда, жай ғана шетел валютасына инвестициялау арқылы БЖЗҚ-да үш есе көп пайда табуға болатын еді,

деді Жамалов.

Соңғы 12 айда БЖЗҚ кірісі 6%-дан аспаған. Президенттің сөзін мысалға келтірген депутат осы аралықта азық-түлік инфляциясының 24%-ға жеткенін де қосып өтті. 

Өз тиімсіздігіне қарамастан БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы жинағын пайдалануына барынша қарсылық танытып отыр. 29 қарашада БЖЗҚ 2023 жылға арналған жеткіліктік шегін жариялады, бірақ бұл өткен жылғыдан 4-8%-ға көп. Демек, өз шешімі арқылы БЖЗҚ соңғы жылдардағы ең тиімді экономикалық реформаны жойып отыр,

деп қосты ол.

«БЖЗҚ – біздің басты мәселеміз» деген Аманжан Жамалов елде 1,5 миллион адамның несиесін төлей алмай отырғанын мәлімдеді. Сондықтан ол әлеуметтік шара ретінде азаматтарға өз зейнетақы жинағын қолдану мүмкіндігін енгізуді ұсынды.

Азаматтарға кез келген несиені төлеуге, емдеу ақысын төлеуге, коммуналдық қызмет бойынша қарызын төлеуге, балаларын оқытуға және өзге де маңызды қажеттіліктер үшін зейнетақы жинағының 30%-ын немесе 1 миллион теңгесін пайдалану құқығын беру керек. Бұл шара инфляцияға айтарлықтай әсер етпейді. Мұндай шешім азаматтар үшін жақсы қолдау болады. Алдын ала есеп бойынша бұған 3,5 триллион теңге жұмсалады,

деп түйіндеді ол.

Белгілі бір мөлшерін ғана алу — әділетсіздік

Әлеуметтанушы Мақсат Жақау депутаттың ұсынысын өте орынды шешім деп келісіп отыр. Айтуынша, зейнетақы қорындағы қаражат иесіне жұмыс істеуі керек.

Болашақта кім бар, кім жоқ?! Ал бүгінгі проблемасы бар, ол ақиқат. Оны тілеп алғанына, тілемей алғанына төреші болуға құқығымыз да жоқ,

дейді Мақсат Жақау.

Әлеуметтанушының пікірінше, зейнетақысын пайдалану әсіресе орта жастағы жұмыскерлерге керек. Бүгінгі басына түскен тығырықтан жинағы арқылы шығып алған соң зейнетке дейін әлі талай орнын толтырып жұмыс істеп, зейнетақы қорына қайта құйып тастауына болады.

Бұған дейінгі жас шамасына қарай белгілі бір мөлшерде зейнетақы қорынан алу, бұл нағыз әділетсіздік. Адамның құқығын заңды түрде қорлау, таптау. Бұны түсіну үшін ақыл керек емес. Ал осыны ойлап тапқандар, қанішерлер. Теріс оқып, адамның өмірін қорлайтындар, оның жиналған мүлкіне қол сұғып, білгенін істейтін қылмыскерлер!,

деп айыптады Жақау.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago