Фото: ашық дереккөзден
24 жастағы келіншек туылмаған баласын сатып, несиесін жаппақ болған.
Алматы облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жаңа туған баланы сату фактісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстың 24 жастағы тұрғыны жүктіліктің жетінші айында әлеуметтік желіде баланы сату туралы хабарландыру жариялап, сатып алушыларды іздеумен айналысқан. Соңында ол балалары жоқ ерлі-зайыптыларды тауып, олармен келісім жасаған.
Сатып алушы тарап әйелдің несиелік қарыздарын өтеп бермек болған.
Бұл факт «Кәмелетке толмағандар саудасы» бабы бойынша тіркелді, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оның айтуынша, күдікті қамауға алынды.
Сондай-ақ Шымкентте де жаңа туған нәрестені саудалаудың тағы бір фактісі тіркелген.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 23 жастағы жас әйелдің өз баласын сатпақ болып, сатып алушыларды іздеумен айналысқанын анықтады.
Ол делдал арқылы басқа облыстың 45 жастағы тұрғынын тапқан. Факт Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша тіркелді, сотқа дейінгі тергеу басталды. Бала сәбилер үйіне орналастырылды. Күдікті қамауға алынды.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…