Categories: Саясат

«Новый» Қазақстанға «свежий» президент керек – саясаткер

Тоқаев елдегі тұрақтылықты сақтағысы келсе, экономиканы дамытып, қоғамдық қарым-қатынасты жақсартқысы келсе – мына кезектен тыс сайлауды жарияламауы керек еді. Бұл оның және айналасындағылардың үлкен қателігі, деген екен саясаткер, экс-сенаор Уәлихан Қайсаров YouTube-тегі танымал арналардың бірінде.

Әлі бір де бір жаңа партия тіркелген жоқ. Қателеспесем, соңғы 13 жылдан бері ешбір партия тіркелмеді. Саяси партиялар туралы заңға өзгерістер енгізу туралы шешімді парламент әлі қабылдамай отыр. Әзірге сөз бен уәде, тура Назарбаевтың кезіндегідей. Конституция сияқты аса маңызды, үлкен заңға өзгерісті бір күнде қабылдап жібереді, ал оның жанында түкке тұрғысыз саяси партиялар туралы ұсақ заңға жоламай отырғандарына сегіз ай болды.

Біз қазір әр өңірден чаттар ашып, президент сайлауына түсуге лайықты канидаттарды іріктеу үшін праймериз өткізіп жатырмыз. Мен өзім де егер қолдау тапсам, президент сайлауына түсуге дайынмын. Жаңа Қазақстанға жаңа, тың президент керек. Ертең жиналамыз да, арамыздан лайықты кандидатты шығарамыз. Кім өзін президент болуға шын лайық деп санаса, келсін бізге. Қазақстан президенті болуға әбден лайықты адамдар көп. Мысалы, Сейдахмет Құттықадам деген алып тұлға бар. Ұлт түгілі, әлемдік деңгейдегі философ. Озық ойшыл. Оның қай жері кандидат емес? Серік Әбдірахманов бар. Зәуреш Батталова. Серікжан Мәмбеталин. Мұхтар Жәкішев, Әкежан Қажыгелдин. Шеттерінен тіс қаққан, тәжірибелі қайраткерлер. Билік солардан сақтану үшін президент сайлауына үміткерлер үшін түрлі шектеулер енгізіп қойған. Қорқады әділ бәсекеден. Назарбаев мені екі рет кандидат етіп тіркетпей қойған, ойдан шығарған себептермен. Кейін Балтабай Мәрзия деген судья маған звондап, кешірім сұраған. «Мені мәжбүр етті» деп. «Кетші-ей, кешіріміңді к*тіңе тық» деп, қолымды бір-ақ сілтегем. Қазақстандағы соттың сиқы.

Бес жылда Қазақстан халқының санын екі есеге көтеруге болады. Өзбек қазір 34 миллион болып отыр. Өйткені олар қазақтар сияқты жемқорлыққа батқан жоқ, сосын халыққа қолдау көрсетті. Каримов өлгеннен соң артында сыртқы қарызы жоқ мемлекет қалдырды. Біз отырмыз, сыртқа 170 млрд-тан астам доллар қарыз боп. Иә, Каримов та диктатор еді. Бірақ өзбек өзінің дәстүрі мен әдеп-ғұрыпынан ажыраған жоқ. Атасын сыйлап, баласының басынан сипады. Біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды Назарбаевпен бірге жерледік. Мысалы, Қазақстанда үйсіз адам болмауы үшін аз-ақ ақша керек. Бір бала тусаң, ипотекаңның 25 пайызын кешірсін. Үшеу туса – тегін үй алсын. Зейнолла Кәкімжанов деген дарынды менеджерді үкіметке қазір әкелсінші, спорт саласына Дәулет Тұрлыхановты неге қоймайды? Жалпы, спортта неге легионерлер қаптап жүр? Бұл деген үйде өз семьяңмен тұрудың орнына күн сайын көшеден жезөкше шақырумен бірдей ғой? Ақымақтар, сөзім жоқ басқа.

Мына үкімет, бұл биліктің бойынан мен бір жақсылыққа ұмтылыс байқамаймын. Алдап-сулап отыра бергісі ғана келеді. Кешегі өткен діндер съезі қазаққа көк тиынға да керек емес. Қайдағы бір ассамблеясы тағы бар. Орман өртеніп жатыр, ассамблеядан үн шықпады. Қазақпен бірге орыс, неміс, шешендер мен украиндер де өртеніп жатқанда. Сұрақ көп. Депутаттар неге 3 мың доллар айлық алады? Министрлер неге Қазақстанның кәдімгі адамдары сияқты өмір сүрмейді? Қазір бізде 1 млн 800 адам айына 60-ақ мың теңге жалақы алып отыр. Еңбекке жарамды, жұмыс істейтін халықтың шамамен 20 пайызы бұл!

Дау болған, қазақты қораға тығып жатқан мектеп формасын жоя салса, бір жері қисая ма? Төрт баласы бар кедей адамдар қайтеді? Өз еліндегі адамның жағдайын білмесе бұл неғылған мемлекет?

Қазаққа әделітсіз сотын жөндеп, коррупцияны жою керек. Судьялардың президентке, әкімдерге бағынуы не сұмдық? Адам қайда қалады сонда? Қазаққа англо-саксондық құқық жүйесі керек. Бізде біреу тауық ұрлап 5 жылға сотталады, екінші біреу тауық ұрлағаны үшін айыппұлмен жазаланады. Мектепке жұмысқа кіру үшін пара беруің керек. Бұл коррупция. Балаңды қабылдау үшін мектеп пара сұрайды.

Әділдік пен заңдылық қана жеңеді түбі. Елде заңның жұмыс істемейтінін, әділ соттың жоқ екенін балаға дейін біледі. Содан ғой, «маған десең, Назарбаевқа барып шағым айт» деген сөз бар, халық арасында.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

20 часов ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

20 часов ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

20 часов ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

7 дней ago