Әнші Ұланғасыр Қамиев желіні шулатқан жайтқа қатысты пікір білдірді

Күні кеше желіде жас әнші Ұланғасыр Қамиевтің тойда төбелесіп жүрген видеосы тараған еді. Хитмен көпшілікті бейнежазбаға сенбеуге шақырды.

Ассалаумағалейкум, қазақ елі. Қалайсыздар? Бүгін сонау Алматыдан Арқалық деген қалаға тойға келдік. Жұмыстың тығыз болуына байланысты кеше қайда болғаным өкінішке орай есімде жоқ. Бүгін Арқалық қаласындамыз. Бұл жаққа жол ұзақ екен. Келгенше желі ұстамады. Діттеген жерімізге жетіп, телефонды қоссам әлеуметтік желі мен туралы шулап жатыр екен.Дос-жаран, туған-туыс, оқырман хабарласып, жағдайымды сұрап жазып жатыр. Жағдайым жақсы. Видеодан көргендеріңіздей қатты ештеңе болған жоқ. Ондай жағдайларға етіміз үйреніп қалған шығар. Мұндай видеоларға сене берудің қажеті жоқ. Ол жерде расы да бар, өтірігі де бар. Сондықтан көріп тұрғандарыңыздай бәрі жақсы. Аман болыңыздар, сау болыңыздар,

дейді жас әнші.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Жетісу облысына тойға барған Ұланғасыр Қамиевтің той қонақтарымен жаға жыртысқан бейнежазбасы тарады. Болған жағдайға қатысты жергілікті полиция Департаменті де түсініктеме берді.

  

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago