Әнші Нұржан Қалжан он жыл бойы сахнадан неге көрінбей кетті

Өнер әлемінен он жылға алыстаған әнші бұл құпиясының себебін «1001 түн» бағдарламасында айтып берді, деп жазады paryz.kz ақпарат агенттігі.

Кезінде ерекше дауысымен көпшілікті таңғалдырған отандық әнші Нұржан Қалжан сахнадан көрінбей кетті. Он жыл бойы жаңа ән жазбаған әншінің сахнаға оралуына қызының бір ауыз сөзі себеп болған.

«Ән жазбай кеткен болатынмын. Қызым бір күні көк жәшіктен менің ән айтқанымды көріп, «Әке сізді көрсетіп жатыр» дейді. «Әке, неге жаңа ән жазбайсыз? Мен сіздің жаңа әндеріңізді сағындым» деді қызым. Сол бір ауыз сөз жүрегіме қатты батты. Содан «Неге шынымен жаңа ән жазбаймын» деп ойға қалдым дейді әнші.

Қызым сағынып жатқанда, тыңдармандарымның іздейтіні түсінікті» дедім де, бірден студияға тарттым. Сол жерде «Өмір сыры» деген жаңа ән жаздым. Маған сұраныс жақсы болды. Сахнаға шықпай, ән жазбай кетсем де, он жыл тойға баруымды тоқтатпадым. Мені шақырып жүрді. Ол енді сұраныс бар болғандықтан ғой. Менде басқа күнкөріс көзі болмады. Сондықтан тоймен күн көрдім, тоймен өмір сүрдім. Сахнаға сағыныш болды. Өте қатты депрессияға ұшырадым. Кейде жеке өзім қалғанда көзіме жас келген сәттер болды. «Неге? Қалай?» деген сауалдар болды,

деп ағынан жарылды әнші.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 день ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago