Categories: Руханият

Әнші Томас Томасов арғы атасы туралы қызық ақпарат тауып алды

«В солнечном городе» хитының авторы, белгілі алматылық музыкант Томас Томасов Алматыға Түрксібті салуға келген атасының әкесі туралы қызықты ақпарат тауып алған.

Атасы Алматыға Түрксібті салуға келгенімен, кейін дін қызметшісі атанып, бата беріп, әскерлерді майданға аттандырған.

Томасовтың сөзінше, үлкен атасының тағдыры ұзақ уақыт бойы жұмбақ күйінде қалған.
«Менің арғы атам Рудаев Петр Николаевич туралы отбасым көп жыл бойы білмей келді. Өйткені отызыншы жылдардың соңында тағдырдың тауқыметімен әжем екеуі екі бөлек кеткен. Ол кезде телефон да, ғаламтор да жоқ болатын, сондықтан екеуі бір-бірін жоғалтып алған. Соғыс кезінде үлкен әжем православиелік шіркеуге барған екен, сол уақытта күтпеген жағдайға тап болған. Әжем өз көзіне өзі сенбей тұрып қалған, өйткені, шіркеудегі дін қызметшісі өзінің жолдасы, балаларының әкесі болып шыққан. Алайда ол уақытта әркім өз жолымен кеткен еді. Бұл тарихты біз анамыздан естідік, оған әжеміз айтқан. Одан бері үлкен атамыз туралы ештеңе білмей келдік. Тек жақында туысқан әпкеміздің ізденуімен үлкен атамыз туралы ақпарат таптық», — дейді музыкант.
Музыканттың сөзінше, әжесі сақтаған құжаттардың ішінде Петр Рудаевтың 1881 жылы Украинаның Павлоград қаласында туғаны жазылған. Ер жеткен соң сол жақтан Кубаньға жетіп, Томастың арғы әжесі Александраға 1916 жылы үйленеді.
Отбасылық мұрағатта олардың жергілікті шіркеуде неке қидырғаны туралы куәлік бар. 1917 жылы ерлі-зайыпты қызды болды. Олардың қызы Раиса – Томастың әжесі. Кейін тағы бір қыз Людмила дүниеге келеді, кейін Владимир атты ұл туылады. 1930 жылы отбасы болып Қазақстанға көшіп келеді, олар Түрксібтің құрылысына атсалысуы керек еді. Кейін Петр мен Александраның жолдары екіге айырылып, одан соң соғыс басталып кетеді.

Сурет: Томас Томасовтың жеке мұрағатынан

1943 жылы Владимир Петрович майданға аттанады. Сол жақтан ізім-ғайым жоғалады. Александра Алматыда екі қызымен бірге қалады. Петр Николаевич туралы басқа ақпарат болмаған еді.
Кейін ғажайып оқиға болады. «Бессмертный полк» сайтына Рудаевтар отбасы туралы ақпарат жарияланады, соның ішінде жоғалып кеткен Владимир туралы ақпарат ілінеді, сайтқа Петр Николаевичтің немересі болып саналатын бір әйел кіріп, ақпаратты көріп қалады. Бұл кісі Петр мен Александра екеуі екі жаққа кеткен соң пайда болған қыз еді. Осылайша Томас туысқан әпкесін де, арғы атасы туралы ақпаратты да тапқан. Туысқан әпкесі Томасқа арғы аталары туралы көптеген қызықты дерек айтып берген.
Соғыс уақытында Кубаньға көшпей тұрып Петр Николаевич семинарияда оқыды, кейін алматылық православиелік приходтардың бірінде жұмыс істеді, оның міндеті майданға аттанып бара жатқан дінге сенетін әскерге шақырылған жігіттерге бата беру болған.

Сурет: Томас Томасовтың жеке мұрағатынан

Томастың үлкен атасы ұзақ өмір сүрген, 1977 жылы 96 жасында Краснодар өлкесіндегі Абинск қаласында дүниеден өтеді. Томас соғыстан кейін арғы атасы тұрған өлкеге барғысы келетінін, оның қабірін көргісі келетінін айтты. Алматы Епархиясында қызмет еткен жылдары туралы да білгісі келетінін жасырмады.
Петр Николаевичтің Томас Томастовтың арғы әжесі Александрамен және олардың қызы – музыканттың әжесімен түскен суреті отбасылық мұрағатта сақталған. Петр дін қызметшісінің киімін киіп тұрған суретті отбасыға немересі жолдаған. Осылайша музыкант арғы атасының ғұмыр жолы туралы біраз дерек білді.

Наталья Бойко, АПН
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Арман Ерғалиев

Recent Posts

БҚО-да 57 жаңа үйдің құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындары үшін 357 жаңа үйдің құрылысы…

3 часа ago

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

11 часов ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

11 часов ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago