Әнші Yenlik хабар арнасындағы «COVER SHOW 2» бағдарламасында марқұм Darkhan Juzz-дің «Ерікпе» әнін орындады. Оның ерекше орындауы жұртты елжіретті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл әншінің бағдарламада орындаған екінші әні. Ол марқұм Darkhan Juzz-ді орта буын да білсе екен деген оймен оның әнін таңдағанын айтты.
Менің екінші әнім — жақында ғана өмірден озған досымыз, бір туар талант, Darkhan Juzz-дің әні «Ерікпе». Оны таңдаған себебім — Darkhan Juzz сияқты тума талант туралы енді ол жас болғандықтан орта буын да ол туралы білсе екен деп, соның әнін таңдап келдім,
деді әнші.
«Дархан Juzz- Ерікпе. Осы әнді тыңдағанда үнемі бір түсініксіз мұң туындайтын. Бірақ ол мұңнан сен қиналмайсың, керісінше жаның тынышталады. Ән де тура Дарханның өзі сияқты. Шынайы, қарапайым.
Әрине Дархан Juzz-дің орындауында бұл ән ерекше. Менің орындауым көпшілікке ұнамауы да мүмкін. Бірақ ол маңызды емес. Маңыздысы — бізге қалған осындай мұраны мейлінше тарату, естірту деген ниет.
Сол ниетім орындалса менен бақытты адам жоқ», — деп жазды Yenlik өзінің инстаграм парақшасында.
Бұл орындауға халық тек жағымды пікірлер қалдырды: «Бірнеше рет тыңдадым! Әр тыңдаған сайын, тұңғиыққа алып кететін бұл ән, шын жүректен жазылып, Дархан бауырымыздың шығармашылығығының салмақты екенін көрсетеді», «Жүрекке жетті мына әуен», «Көзге еріксіз жас келді» және т.б.
Еске салайық, Darkhan Juzz лақап атымен танылған әнші Дархан Жүнісбеков 24 ақпанда Таиландта мопедпен жол апатына түсіп қайтыс болды.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…