Әнші Yenlik марқұм Darkhan Juzz-дің әнін орындап, жұртты елжіретті

Әнші Yenlik хабар арнасындағы  «COVER SHOW 2» бағдарламасында марқұм Darkhan Juzz-дің «Ерікпе» әнін орындады. Оның ерекше орындауы жұртты елжіретті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл әншінің бағдарламада орындаған екінші әні. Ол марқұм Darkhan Juzz-ді орта буын да білсе екен деген оймен оның әнін таңдағанын айтты.

Менің екінші әнім — жақында ғана өмірден озған досымыз, бір туар талант, Darkhan Juzz-дің әні «Ерікпе». Оны таңдаған себебім — Darkhan Juzz сияқты тума талант туралы енді ол жас болғандықтан орта буын да ол туралы білсе екен деп, соның әнін таңдап келдім,

деді әнші.

«Дархан Juzz- Ерікпе. Осы әнді тыңдағанда үнемі бір түсініксіз мұң туындайтын. Бірақ ол мұңнан сен қиналмайсың, керісінше жаның тынышталады. Ән де тура Дарханның өзі сияқты. Шынайы, қарапайым.

Әрине Дархан Juzz-дің орындауында бұл ән ерекше. Менің орындауым көпшілікке ұнамауы да мүмкін. Бірақ ол маңызды емес. Маңыздысы — бізге қалған осындай мұраны мейлінше тарату, естірту деген ниет.

Сол ниетім орындалса менен бақытты адам жоқ», — деп жазды Yenlik өзінің инстаграм парақшасында. 

Бұл орындауға халық тек жағымды пікірлер қалдырды: «Бірнеше рет тыңдадым! Әр тыңдаған сайын, тұңғиыққа алып кететін бұл ән, шын жүректен жазылып, Дархан бауырымыздың шығармашылығығының салмақты екенін көрсетеді», «Жүрекке жетті мына әуен», «Көзге еріксіз жас келді» және т.б.

Еске салайық, Darkhan Juzz лақап атымен танылған әнші Дархан Жүнісбеков 24 ақпанда Таиландта мопедпен жол апатына түсіп қайтыс болды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

4 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

5 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

6 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

6 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

6 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago