Алматы әкімінің Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуінде әнші Жеңіс Ысқақова өзі тұратын аудандағы тұрғын үйге қатысты проблеманы шешуін сұрады. Бұл туралы Massaget.kz порталы жазды.
Әншінің сөзінше, құрылыс компаниясы өзі тұратын көшеде талапты сақтамай, көпқабатты тұрғын үй салып жатыр. Жол салынбағандықтан, жақын жердегі барлық үй топыраққа «көміліп» отыр.
Шұғыла ауданы Нұрлы таң көшесінің тұрғынымын. Осы көше тұрғындарының атынан келіп тұрмын. Құрметті Ерболат Асқарбекұлы, сіз әкім болып келгелі осы қалаға жасап жатқан еңбегіңізді, қала тұрғындарының жағдайын жақсартып жатқаныңызды білеміз, бағалаймыз, әлде де сенеміз. Сондықтан келіп тұрмыз. Көктем шыққалы біздің көршілердің мазасы кетті. Өйткені Sensata құрылыс компаниясы көпқабатты үйлер сала бастады. Бұл жерде көп заңсыздық бар, техникалық қауіпсіздік сақталмаған. Оның барлығын қазір айтамын. Көрші Ресейдің құрылыс заңдылығына қарасақ, жер үйлер мен биік үйлердің арақашықтығы 50-60 метр болуы керек дегенді көрдік. Ал біздің заңдылықта ондай жоқ. Мүмкін сондықтан болар жеке үй мен салынып жатқан 12 қабат үйдің арасы тым жақын. Өйткені құрылыс барысында құрылыс бөлшектері біздің есігіміздің алдына түсіп жатыр. Ол бір. Жол салынбаған. Өйткені таңертеңнен кешке дейін ауыр жүк көліктері жүрген кезде тұрғындар шаңға көміліп отыр. Жел тұрғанда, топыраққа көміліп қаламыз. Құрылыс барысында 10.00-ға дейін жұмыс істейді, түнімен прожектор жанып тұрады. Кейде «әй, қойсаңдаршы» деп айғайлаймын. «Қоймаймыз» деп жауап береді. Жер үйлердің маңына 12 қабат етіп үй салуға бола ма? Күнді жауып тастайды, самал желді жауып тастайды. Соған көмектессеңіз,
деп базынасын жеткізді Ысқақова.
Алматы әкімі Ерболат Досаев бұл сауалға жауап беріп, тапсырма берді.
Кешірерсіз, менде салынған үйлердің сұрағы көп. Норматив жағынан сұрағыңыз дұрыс. Бірақ осы Алматыда маусымнан бастап қала құрылысы кеңесін құрдық. Сол жаңа жобаларды қарайды. Ал енді сіздің сұрақтарыңыз туралы тапсырма берейін, ГҚК деген басқармамыз бар, өздеріңіз жазсаңыздар, тапсырма берейін. Sensato-ны тауып, қалай салып жатқанын тексерсін. Нормативтер дұрыс па? Кешке жұмыс жағынан, бәрін қалпына келтірсін. Сіздердің мекенжайларыңызды алсын,
деді Алматы әкімі Досаев.
Порталдың хабарлауынша, әнші Ысқақова бұл мәселені әлеуметтік желіде де бірнеше мәрте көтерген.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…