Categories: Саясат

«Оңай шегінбеймін»: Ақын Ринат Зайытов Мәжіліс сайлауына түспек

Ақын Ринат Зайытов Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісінің депутатын сайлау бойынша №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің округтік сайлау комиссиясына бүгін мажоритарлық жүйемен депутаттыққа кандидат ретінде өзін ұсынатынын Instagram парақшасы арқылы хабарлады.

“Мойындаймын. Оңай келген шешім емес. Ең әуелгі сұрақ қай аймақтан бақ сынайтыным болған. Алдымда екі таңдау болды. 1) Алматы қаласы 2) Абай облысы. Әрине бір қараған адамға туған жерім үш жұртымның ең көп өкілдері тұратын аймақ. Абай облысы тиімді болатын еді.

Бірақ, «Ауыл итінің аузы сасық» екенін, бір облысты толық аралауға, әр ауылдан сенімді өкіл, әр участоктен бақылаушы т.б. ескерсек оның барлық шығынын өтейтін менде мүмкіндік те, демеуші де жоқ. Оған қоса аймақтарда жергілікті биліктің ықпалы өте үлкен. Сондықтан Алматы.

Алматы — азаттықтың астанасы. Алматы — рухты қауымның мекені. Ол аз десеңіз, осыдан төрт жыл бұрын биліктің кісенінен жұлып алған да осы Алматыдағы ағайын. Демеушім жоқ демеймін. Тілектестерім бар. Қазақ бар! Жаратушыдан кейін сенерім солар. Тәуекел. Оңай шегінбейтінімді ескертудің қажеті жоқ шығар. Сонда да…”, – деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше журналист Әсет Матаев та Мәжіліс сайлауына түсетінін мәлімедеген еді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

4 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

5 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

6 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

6 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

6 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago