Categories: Қоғам

Оңтүстік Корея қазақстандықтарды квотамен кіргізетін болады – министрлік

Корея жұмысқа баратын қазақстандықтарды квотамен ғана кіргізеді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов мәлімдеді. 

Бүгінде Корея тура сондай тәртіппен басқа елдердің азаматтарын кіргізеді. Қазақстан үшін де квота енгізіледі.

Осы айдың 25-26-сы аралығында консулдық келіссөздер өтеді. Қазақстан делегациясының құрамында мен де бармын. Басқа мамандармен бірге Сеулге барып, осы мәселені талқылаймыз. Қазіргі кезде Корея 16 мемлекетке еңбек квотасын беріп отыр. Енді Қазақстанды да 17-ші немесе 18-ші болып, квота алатын мемлекеттерге қосу қарастырылған,

деді Испанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, квота алатын адамдар алдымен дайындық курсынан өтеді.

Ол жердегі әдеп-ғұрып, тіл, жүріп-тұру тәртібі, олардың заңдары бар. Соған үйретеміз. Содан кейін ғана жұмыс істейді. Ең бастысы, өз біліктілігін көтереді,

деп атап өтті Испанов.

Айта кетері, Қазақстан Кореядан 50 мың квота алуды жоспарлап отыр.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago