Categories: Қоғам

Оңтүстік Корея билігі қашып жүрген қазақстандықты тапқан адамға 30 млн вон сыйақы тағайындады

Оңтүстік Кореяда қашып жүрген Нұрсұлтан Ырысбаевты ұстау үшін сондағы билік 30 млн вон (10 млн теңгеден астам қаражат) сыйақы тағайындаған. Бұл жөнінде егжей-тегжейлі ақпаратты Корея жаңалықтары парақшасы таратты, деп жазады ulysmedia.kz.

Парақшаны жүргізетін азаматтың айтуынша, Оңтүстік Кореяда қашып жүрген Нұрсұлтан Ырысбаевты ұстау үшін сондағы билік 30 млн вон (10 млн теңгеден астам қаражат) сыйақы тағайындаған.

Корея елінде жүрген отандастар! Нұрсұлтанға көмек беріп жатқан отандастар! Сіздердің құлақтарыңызға алтын сырға! Қазір ғана келген ақпарат: егер кімде-кім Нұрсұлтанға көмек беріп жатқан болса не болмаса оның жасырынған жерін біле тұра ақпарат бермей жатса, көмек беріп жатқан азаматтар да Корея елінен шығарылып, депортацияға ұшырайды. Үлкен айыппұл арқалайды. Сондықтан, Нұрсұлтанның жанындағы азаматтар қорықпай байланысқа шықсаңыздар болады. Сіздер туралы ақпарат ешқайда берілмейді,

дейді парақша иесі.

Еске сала кетсек, Инчхон әуежайынан Қазақстанның екі азаматы қашып шығып, олардың біреуі ұсталғаны кеше хабарланған болатын.

Келтірілген ақпаратқа сүйенсек, Инчхон әуежайынан Қазақстанның екі азаматы қашып, қалаға кірмек болған. Олардың бірінің есімі Нұрсұлтан Ырысбаев, ал екіншісі Умижан Нарзуллаев екені айтылады. Кейін Умижан Нарзуллаев (2002 жылғы) Тэджон қаласында ұсталғаны хабарланған.

Теджон халықаралық полициясы қашқынды GS25 дүкенінде телефонын қуаттап отырған жерінен қамауға алған. Кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореяға кіруге тыйым салынғанына қарамастан аталған елге заңсыз кіріп кеткен отандастарымыз туралы мәлімдеме жасады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago