Оқиға

Оңтүстік Кореяда 20 жастағы қазақ қызын жезөкшелер үйіне сатып жіберген

Қылмыстық топ әлеуметтік желі арқылы 20 жастағы қазақстандық бойжеткенмен танысып, оған Кореяда жұмыс табуға көмектесетінін айтып сендірген. Кореяға барғаннан кейін қыздың төлқұжатын алып қойған, кейін зорлап, видеоны таратамын деп қорқытып, қызды жезөкшелер үйіне берген.

Жергілікті полиция шетелдік әйелдерді Оңтүстік Кореяға алдап шақырып, лас әрекеттермен айналысуға мәжбүрлейтін қылмыстық топты құрықтаған, деп хабарлайды «Адырна».

Қылмыстық топтың ісі Оңтүстік Кореяның Чеджу провинциясы астанасының аудандық сотында қаралып, қылмыскерлерге «шетелдік әйелдерді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі» деген айып тағылды.

Оңтүстік Кореяда екі айыпталушы елге кіру тәртібінің күрделі болуын ескеріп, Қазақстан азаматтарын нысан ретінде көздеген. Солай қасақана қазақ әйелдерін іздей бастаған.

Олар әйелдерді барда жұмыс істеймін деп алдап, елге кіргізген. Содан кейін олар жәбірленушілерді пәтерінде қамап, клиенттерге қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Бір әйел қашып үлгерген, содан кейін ол полицейлерге хабарласқан. Құқық қорғау қызметкерлері оқиға орнына барып, күдіктілерді тұтқындап, бұл факті бойынша жан-жақты тергеу жүргізді,

деп жазылған жергілікті басылымда.

Ең сорақысы, қылмыстық топ құрамында 40 жастағы Қазақстан азаматы болған. Жас қазақ қызын жұмысқа орналастыруға кепілдік берген де сол қазақстандық азамат екен. Сот үкімімен айыпталушылар бір жылдан үш жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago