Білім

Оңтүстік Кореяда мұғалімдерді ата-аналардың қорлауынан қорғайтын заң қабылданды

Оңтүстік Кореяда мұғалімдерді ата-аналардың қорлауынан қорғайтын заң қабылданды. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады.

Сеулде 23 жастағы бастауыш сынып мұғалімі өз-өзіне қол жұмсағаннан соң елдегі бүкіл мұғалімдер тоғыз апта бойы наразылық танытуда. Марқұм жас қыз бұған дейін ата-аналардың тым қатыгез, шағымдарына алаңдайтынын айтқан.

Наразылық білдірушілердің негізгі талаптары мұғалімдер құқығын көбірек қорғау. Олардың айтуынша, ата-аналар 2014 жылы қабылданған балаларды қорғау туралы заңды пайдаланады. 

Ал «Мұғалім құқықтарын қалпына келтіру туралы» жаңа заңда балаға зорлық-зомбылық жасады деп айыпталған мұғалім бірден жұмыстан шеттетілмейтіні айтылған. Ол үшін қосымша тергеу мен дәлелдемелер қажет болады. Сондай-ақ, сотқа тартылған мұғалімдерге мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетіліп, мектеп директорларына өз қызметкерлерін қорғау жауапкершілігі артады. Кореяның Мұғалімдер кәсіподақтары федерациясы жаңа заңын құптады. Кәсіподақ күнде көшеге шыққан мұғалімдерге алғысын білдіріп, жаңа заң олардың еңбегі екенін жеткізді.

Соңғы апталарда үкімет пен жергілікті билік мұғалімдерді қорғау және олардың жұмысын жеңілдету үшін бірқатар шараларды енгізді. Қыркүйек айының басында енгізілген үкіметтің жаңа нұсқаулары мұғалімдерге тәртіп бұзатын оқушыларды сабақтан шығарып жіберуге және қажет болған жағдайда олармен күресу құқығын береді. Сеулдің білім департаменті осы аптада мұғалімдерге ата-аналардан түскен барлық қоңырауларды жазып алуға және оларды қорғау үшін сенім телефоны ретінде чат-бот орнататынынжариялады.

Алайда кейбір мұғалімдер жаңа заңдарды тиімсіз деп есептейді. Корея мұғалімдер кәсіподақтары федерациясының төрағасы Ким Ён Со жаңа заңнамада балаға зорлық-зомбылық жасады деп жалған айып тағып жүрген ата-аналардың жауапқа тартылғанын қалайтынын жеткізді.

Жаңа заң балаларға зорлық-зомбылық жасалды деген негізсіз хабарламаларды тоқтатпайды. Осылайша, ата-аналар өздері ұнатпайтын мұғалімдерді қасақана айыптауды жалғастырады,  

деді мұғалім Ким Джин Соо.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Тимур Бекмамбетов Өзбекстанда анимациялық мектептер ашып жатыр

Кинематография әлеміндегі ең танымал қазақ көрші елде өте керемет жобаларды жүзеге асырып отыр, ал президент…

3 часа ago

БҚО-да 57 жаңа үйдің құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындары үшін 357 жаңа үйдің құрылысы…

21 час ago

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

1 день ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

1 день ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

4 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

4 дня ago