Фото: Yonhap
Оңтүстік Кореяның Чонгиу қаласы маңындағы су басқан туннельде қалып қойған көліктерге жету үшін жұмыс істеп жатқан құтқарушылар он үш адамның денесін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.
Бірнеше күн толассыз жауған жаңбырдан кейінгі тасқын судың жерасты өткеліне тез құйылғаны сонша, жолаушылар мен жүргізушілер қашып шыға алмай, көлігінде қалып қойған.
Елде су тасқыны, көшкін және электр қуатының үзілуінен кем дегенде 39 адам қаза тапқан.
Тоғыз адам із-түзсіз кетті.
Осонг қаласындағы ұзындығы 685 метр туннельде қанша адам қамалып қалғаны белгісіз, бірақ 15 көлік су астында қалды деп болжанып отыр.
Бірнеше адамның мәйіті автобус ішінен шығарылды. Сенбі күні аман қалған тоғыз адам құтқарылды.
Зардап шеккендердің отбасы жергілікті билік шұғыл әрі тез әрекет еткенде өлімнің алдын алуға болатын еді дейді.
Жергілікті БАҚ жазуынша, қайғылы оқиғадан бірнеше сағат бұрын тасқынға қарсы күрес басқармасы су деңгейінің межеден асып кеткенін ескерткен, сондықтан туннель маңындағы көлік қозғалысының бағытын өзгерту керек еді.
Қалған өлім-жітім бүкіл үйлерді көшкін алып кеткен таулы Солтүстік Кёнсан аймағында болды.
Сенбі күні Оңтүстік Кореяда шамамен 300 мм жауын жауды.
Корей метеорология қауымдастығының мәліметінше, әдетте жылына 1000-1800 мм жаңбыр жауады, оның көп бөлігі жаз айларына тұспа-тұс келеді.
Су тасқынынан зардап шеккен аудандардан түсірілген аэрофотосуреттерден қоңыр лай мен тасқын судың мол болғанын көруге болады, судан үйлердің шатыры ғана шығып тұр.
Жергілікті әкімшіліктер кеш қабылдаған эвакуация туралы бұйрықтан мыңдаған адам зардап шекті.
Премьер-министр Хан Дак Су әскерилерден құтқару жұмысына көмектесуді сұрады.
Агенттіктің хабарлауынша, сенбі күні таңертең Солтүстік Чунчхондағы Госан бөгеті тола бастағанда шамамен 6400 тұрғын эвакуацияланған.
Бөгетке жақын орналасқан бірқатар ауылдар мен оларды байланыстыратын жолдар су астында қалып, кей тұрғындар үйінде қалып қойды.
Жұма күні кешке қарай көшкіннің салдарынан Солтүстік Чунчхонда пойыз рельстен шығып кетті.
Бір инженер зардап шекті, дегенмен пойызда бұл уақытта жолаушылар жоқ еді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…